Қоғам

ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімов қамауға алынды

© Sputnik / Владислав ВодневГлава КНБ Карим Масимов на заседании правительства
Глава КНБ Карим Масимов на заседании правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2022
Жазылу
Мемлекетке сатқындық жасаушылар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Мәсімов пен өзге де тұлғаларға мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылып отыр.
6 қаңтарда Мәсімов уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мемлекетке сатқындық жасаушылар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан болатын. Ол кезде Мәсімов әлі Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы болды. 
Қауіпсіздік қызметінің кеңесінен кейін Кәрім Мәсімов Алматыдағы тәртіпсіздік пен антитеррористік операцияға байланысты отставкаға жіберілді. 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы болып 55 жастағы Ермек Сағымбаев тағайындалды. 
Кәрім Мәсімов екі рет Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарды (2007—2012, 2014—2016), сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болды (2003-2006). Президент әкімшілігін басқарды (2012-2014). Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-лейтенанты шені бар. 
Жаңалықтар
0