https://sputnik.kz/20220111/qazaqstan-lankestik-9-900-adam-19108508.html
Қазақстандағы лаңкестік: 9 900 адам ұсталды
Қазақстандағы лаңкестік: 9 900 адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік кезінде қанша адам ұсталғанын мәлімдеді 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T08:59+0500
2022-01-11T08:59+0500
2022-05-23T15:50+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
лаңкестер
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19098162_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_5aec3cc4d6b04d6b800c20b4eb44598a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі елдегі бүлік кезінде 9 900 адам ұсталғанын хабарлады.Полицейлер Ұлттық ұлан және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлерімен бірлесіп Таразда бір Макаров тапаншасын және оның оқ-дәрісіз оқжатарын, 1 бронежилет пен "ТОЗ 35" пневматикалық тапанша тәркіледі.Қазақстанда не болып жатыр2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.Оқи отырыңыз: Содырлар Қазақстан астанасына да шабуыл жасамақ болды – ТоқаевАл Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған. Содырлар тіпті, Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордағаа үш әскери-көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетеді. Ал антитеррористік операцияны қазақстандық күш құрылымдары қызметкерлері жүргізіп жатыр.Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды.Мәсімов тұтқындалдыАлматыдағы тәртіпсіздік пен антитеррористік операцияға байланысты Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметінен босатылды. Оның орнына 55 жастағы Ермек Сағымбаев тағайындалды.8 қаңтарда Кәрім Мәсімовтің ұсталғаны хабарланды. Мәсімов пен өзге де тұлғаларға мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылды.6 қаңтарда Мәсімов уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19098162_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_d916cdbcf1814f218dbc80880fed40d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, лаңкестер
терроризмге қарсы арнайы операция, лаңкестер
Қазақстандағы лаңкестік: 9 900 адам ұсталды
08:59 11.01.2022 (жаңартылды: 15:50 23.05.2022) Ішкі істер министрлігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік кезінде қанша адам ұсталғанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі елдегі бүлік кезінде 9 900 адам ұсталғанын хабарлады.
Полицейлер Ұлттық ұлан және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлерімен бірлесіп Таразда бір Макаров тапаншасын және оның оқ-дәрісіз оқжатарын, 1 бронежилет пен "ТОЗ 35" пневматикалық тапанша тәркіледі.
Қазақстанда не болып жатыр
2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған. Содырлар тіпті, Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордағаа үш әскери-көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетеді. Ал антитеррористік операцияны қазақстандық күш құрылымдары қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды.
Алматыдағы тәртіпсіздік пен антитеррористік операцияға байланысты Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы
қызметінен босатылды. Оның орнына 55 жастағы Ермек Сағымбаев тағайындалды.
8 қаңтарда Кәрім Мәсімовтің
ұсталғаны хабарланды. Мәсімов пен өзге де тұлғаларға мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылды.
6 қаңтарда Мәсімов уақытша ұстау изоляторына қамалды.