Қоғам

Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневГлава КНБ Карим Масимов на заседании правительства
Глава КНБ Карим Масимов на заседании правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы ауысты Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы ауысты
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Қазақстанның мемлекеттік органдарындағы отставка елдің батысы мен Алматы қаласын қамтыған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты жүргізіліп жатыр.
Осылайша, президент жарлығымен енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін Ермек Сағымбаев атқарады.
"Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын.", - делінген президент жарлығында.
Жаңалықтар
0