https://sputnik.kz/20211218/kayyndy-ogash-areket-18921258.html
Қайыңдыдағы әрекет қазақстандықтардың ашуын тудырды
Қайыңдыдағы әрекет қазақстандықтардың ашуын тудырды
Sputnik Қазақстан
Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары белгісіз бірлеудердің Қайыңдыдағы ағаштарға есімдерін ойып жазғанын сынға алды 18.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-18T14:30+0500
2021-12-18T14:30+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15546058_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_1b4377026ad82491c84c7087e6ac7cac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандықтар Қайыңдыдағы жасыл желекке ойып жазу жазғандарды жазалауды талап етіп отыр.Күні кеше қазақстандық Альпі клубының Instagram парақшасында ерекше өзен ортасында өсіп тұрған көпжылдық ағаштардағы жазулардың видеосы пайда болды."Ондаған жыл бойы өзеннің қақ ортасынан биікке ұмтылып тұрған көпжылдық шыршалардан көз жазып қалғанша, паркті жаба салған дұрыс болатын шығар. Дәл осы шыршалар арқылы өзенге бүкіл әлемдегі туристердің қызығушылығы туындап отыр", - деп жазды белсенділер әлеуметтік желіде.Желі пайдаланушылары табиғатқа жасалған қиянатқа қатысты наразылық танытты. Қазақстандықтар жекелеген адамдардың мәдениті төмен екенін айтып, ағаш діңін кескілеп тастағандарды жазалауды талап етіп отыр.Желі пайдаланушылардың бірі өткізу постын қойып, өзенге келушілерді жеке куәлігі арқылы өткізуді ұсынды.Күзетілетін табиғи аумаққа бару ережелері мен заң бойынша жеке тұлғаларға ғимарат, ағаш, тас немесе жартасқа қандай да бір сурет немесе жазба жазуға тыйым салынады.Қайыңды өзені Алматыдан алты сағаттық жерде орналасқан. Ерекше су айдыны өзінің әсем көрінісі және өзеннің терең түбінен өсіп тұрған ағаштардың өзгешелігімен әлем туристерін қызықтырып отыр. Нысан табиғатты қорғау және ғылыми мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне кіреді.Оқи отырыңыз: "Эко-сергек" камералары ұлттық саябақтарға орнатыладыСолтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/17/15546058_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_ce2e4729e30cf5d4cfa595e794ed7a58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қайыңдыдағы әрекет қазақстандықтардың ашуын тудырды
14:30 18.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары белгісіз бірлеудердің Қайыңдыдағы ағаштарға есімдерін ойып жазғанын сынға алды
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандықтар Қайыңдыдағы жасыл желекке ойып жазу жазғандарды жазалауды талап етіп отыр.
Күні кеше қазақстандық Альпі клубының Instagram парақшасында ерекше өзен ортасында өсіп тұрған көпжылдық ағаштардағы жазулардың видеосы пайда болды.
"Ондаған жыл бойы өзеннің қақ ортасынан биікке ұмтылып тұрған көпжылдық шыршалардан көз жазып қалғанша, паркті жаба салған дұрыс болатын шығар. Дәл осы шыршалар арқылы өзенге бүкіл әлемдегі туристердің қызығушылығы туындап отыр", - деп жазды белсенділер әлеуметтік желіде.
Желі пайдаланушылары табиғатқа жасалған қиянатқа қатысты наразылық танытты. Қазақстандықтар жекелеген адамдардың мәдениті төмен екенін айтып, ағаш діңін кескілеп тастағандарды жазалауды талап етіп отыр.
Желі пайдаланушылардың бірі өткізу постын қойып, өзенге келушілерді жеке куәлігі арқылы өткізуді ұсынды.
"Осы өзен мен ағаштар 100 жылдан астам уақыт бойы аман тұрды! Ал мына мәдениетсіздер екі жылдың ішінде табиғаттың керемет құбылысының түбіне жетті. Оларға өзенге баруға кім рұқсат етті? Үлкен Алматы өзені секілді қарумен қорғау керек еді. Ол жақта су айдынын ұлттық нысан секілді қарумен күзетеді", - деп жазды Альпі клубы оқырмандарының бірі.
Күзетілетін табиғи аумаққа бару ережелері мен заң бойынша жеке тұлғаларға ғимарат, ағаш, тас немесе жартасқа қандай да бір сурет немесе жазба жазуға тыйым салынады.
Қайыңды өзені Алматыдан алты сағаттық жерде орналасқан. Ерекше су айдыны өзінің әсем көрінісі және өзеннің терең түбінен өсіп тұрған ағаштардың өзгешелігімен әлем туристерін қызықтырып отыр. Нысан табиғатты қорғау және ғылыми мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне кіреді.