Қоғам

"Эко-сергек" камералары ұлттық саябақтарға орнатылады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБольшое алматинское озеро (БАО)
Большое алматинское озеро (БАО) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алғашқы 30 камераны Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағындағы Үлкен Алматы көлінде орнату жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Қоғамдық кеңес отырысында экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ұлттық табиғи парктер аумағында "эко-сергек" бейнебақылау камераларын орнату туралы айтты.

Мұндай құрылғылармен алдымен Үлкен Алматы көлі, содан кейін Көлсай мен Қайыңды көлі жабдықталатын болады. 

"Жалпы, адамдар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр", – делінген министрлік хабарламасында.

"Эко-сергек" қалай жұмыс істейді

Камералар ұлттық парктердегі жарықтандыру немесе ұялы байланыс станцияларының бағаналарына орналастырылады. Ал камера тірегінің биіктігі кемінде алты метр болуы тиіс.

Жалпы бақылау камерасының жиынтық жүйесі жел турбинасы мен күн панелінен, төрт камера және сигнал қабылдауға арналған антеннадан тұрады.

Ал "эко-сергек" камерасы жіберген сигналдар мен видеолар ұлттық парктерді жедел басқару жөніндегі арнайы орталыққа келіп түседі.

"Эко-сергек" камерасы не үшін керек

"Эко-сергек" камералары ұлттық саябақтардың аумағына бақылау жүргізу үшін пайдаланылатын болады. Мұнда келушілердің көпшілігі өздерінің қоқысын жинаусыз қалдырып, тіпті жаққан отын сөндірмей кететін кездері жиі қайталанады. Салдарынан өрт оқиғасы сияқты фактілер орын алуда. Камералар туристерді тәртіпке келтіріп қана қоймай, өрт болып, ағаштар кесіліп жатса сигнал береді", – дейді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, камералар ұлттық саябақтарды мекен ететін Қызыл кітапқа енген жануарларды броконьерлерден қорғап, күзетуде де өзінің тиімділігін көрсетеді деген сенім бар.

"Жыл өткен сайын ұлттық парктердегі қоқыс мәселесінің өзектілігі артып келеді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұлттық парктердегі қоқыс үшін салынатын айыппұлдарды заң шеңберінде қатаңдатуды көздеп отыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Көкшетау тұрғыны жасырын камера орнатылған үстел шамын сатпақ болған

Айта кетейік, бұған дейін экологиялық туризмді дамыту мақсатында Көлсай мен Қайыңды аумағындағы инфрақұрылымды жақсарту жоспарланып отырғаны білгілі болған. Яғни, жаңа туристік маршруттар жабдықталып, соның аясында арнайы орталықтар мен этно-ауылдар ашу қолға алынып жатыр.

Жаңалықтар
0