https://sputnik.kz/20200915/Soltustik-Qazaqstan-oqushyla-vandal-14961698.html
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты
Sputnik Қазақстан
Жасөспірімдер қабірге қойылған құлпытас, ескерткіштерді қиратып, кіші шіркеудің терезелерін шаққан 15.09.2020, Sputnik Қазақстан
2020-09-15T12:25+0500
2020-09-15T12:25+0500
2023-08-09T09:58+0500
https://sputnik.kz/img/1306/17/13061769_0:308:3077:2047_1920x0_80_0_0_1e55dc52d77b9c2142976a58783fcf15.jpg
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2020
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1306/17/13061769_0:112:3077:2047_1920x0_80_0_0_2ce3cbda533b2293ebdcceb5a67bac16.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда оқушы-вандалдар зират ескерткіштерін қиратты
12:25 15.09.2020 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Жасөспірімдер қабірге қойылған құлпытас, ескерткіштерді қиратып, кіші шіркеудің терезелерін шаққан
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратып, құлпытастардың үстіне бояу төккен, деп хабарлады жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұзақылар Айыртау ауданындағы зираттардың бірін қиратқаны белгілі болды.
"Ең алдымен қабір құрылыстарының бүлінгенін жергілікті тұрғындар байқаған. Кейіннен оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың зақымдалғанын тіркеді. Бір құлпытасқа акрилді бояу төккен. Сонымен қатар зират маңында орналасқан кіші шіркеудің терезелерін сындырған", - делінген полиция хабарламасында.
Тергеу әрекеттері нәтижесінде, полицейлер бірнеше күн бұрын зират маңында жүрген 10-12 жастағы үш жасөспірімді анықтады. Олар өздерінің бұл фактіге қатысы бар екенін растады.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу аясында қосымша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Соның нәтижесіне қарай соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады. Ал осы оқиғаға байланысты іс Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.