https://sputnik.kz/20211210/Abaev-ministrler-akimder-zhalaqy-18872070.html
Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады
Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады
Sputnik Қазақстан
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары шенеуніктерге жалақысы туралы ашық айтуға кеңес берді 10.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-10T09:52+0500
2021-12-10T09:52+0500
2023-08-10T12:17+0500
қоғам
жалақы
дәурен абаев
министр
әкім
https://sputnik.kz/img/1280/75/12807598_0:-1:2871:1623_1920x0_80_0_0_ff5e8dbad1b3182599bd82ca57b68869.jpg
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев шенеуніктерге журналистердің сұрағына қызармай, шынайы жауап беруге кеңес берді.Абаев кейінгі кезде журналистердің шенеуніктерге жалақысы мен азық-түлікке қанша шығын жұмсайтыны туралы жиі сұрақ қоятынына қатысты пікір білдірді."Мен мұны хайп деп атар едім. Сыбайлас жемқорлық, лауазымын асыра пайдалану, мемлекеттік қызметкердің әдепке жат қылығын сынауды түсінемін. Алайда журналистің министр немесе әкімнен жалақысы туралы "маңызды журналистік зерттеу" жүргізгендей сұрақ қоюы күлкілі көрінеді. Ал үкіметтегі және әкімдіктегі әріптестеріме қызармай, іркілмей, шынайы түрде жалақысы туралы айтуға кеңес берер едім", - деп жауап берді Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында.Ал журналистер мұндай сұрақ қойған кезде орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің экономикасына жауап беретін шенеуніктер елдегі нарық жағдайын нақты білетініне көз жеткізгісі келетінін, соған байланысты жалақы мен азық-түлік шығыны мөлшері туралы білгісі келетінін айтады. Нақтырақ айтқанда, әңгіме азық-түлік бағасының өсуіне қатысты болып отыр.Бұған дейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке қанша шығын жұмсайтынын айтты. Айтуынша, бір айда отбасы 50 мың теңгеге азық-түлік сатып алады.Қазақстанның энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отбасының бір айда азық-түлікке шамамен 200 мың теңге жұмсайтынын айтты.Ал жалақы мөлшерін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова атады.Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қанша жалақы алатыны белгілі болды.Ал Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов ай сайынғы жалақысы қанша екенін ашық айтпады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1280/75/12807598_0:-1:2583:1623_1920x0_80_0_0_5eccadbd0e9c2bdb03971e85aec0a870.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, дәурен абаев, министр, әкім
жалақы, дәурен абаев, министр, әкім
Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады
09:52 10.12.2021 (жаңартылды: 12:17 10.08.2023) Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары шенеуніктерге жалақысы туралы ашық айтуға кеңес берді
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев шенеуніктерге журналистердің сұрағына қызармай, шынайы жауап беруге кеңес берді.
Абаев кейінгі кезде журналистердің шенеуніктерге жалақысы мен азық-түлікке қанша шығын жұмсайтыны туралы жиі сұрақ қоятынына қатысты пікір білдірді.
"Мен мұны хайп деп атар едім. Сыбайлас жемқорлық, лауазымын асыра пайдалану, мемлекеттік қызметкердің әдепке жат қылығын сынауды түсінемін. Алайда журналистің министр немесе әкімнен жалақысы туралы "маңызды журналистік зерттеу" жүргізгендей сұрақ қоюы күлкілі көрінеді. Ал үкіметтегі және әкімдіктегі әріптестеріме қызармай, іркілмей, шынайы түрде жалақысы туралы айтуға кеңес берер едім", - деп жауап берді Абаев "
Ашық диалог" бағдарламасында.
Ал журналистер мұндай сұрақ қойған кезде орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің экономикасына жауап беретін шенеуніктер елдегі нарық жағдайын нақты білетініне көз жеткізгісі келетінін, соған байланысты жалақы мен азық-түлік шығыны мөлшері туралы білгісі келетінін айтады. Нақтырақ айтқанда, әңгіме азық-түлік бағасының өсуіне қатысты болып отыр.
Бұған дейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке қанша шығын жұмсайтынын айтты. Айтуынша, бір айда отбасы 50 мың теңгеге азық-түлік сатып алады.
Қазақстанның энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отбасының бір айда азық-түлікке шамамен 200 мың теңге жұмсайтынын айтты.
Ал жалақы мөлшерін денсаулық сақтау
министрі Алексей Цой, Қызылорда облысының
әкімі Гүлшара Әбдіқалықова атады.
Сондай-ақ Жамбыл облысының
әкімі Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының
әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қанша жалақы алатыны белгілі болды.
Ал Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов ай сайынғы жалақысы қанша екенін
ашық айтпады.