https://sputnik.kz/20211209/shymkent-akim-jalaqy-18867250.html
Шымкент әкімі жалақысы жайлы: сіздер өте жақсы білесіздер
Шымкент әкімі жалақысы жайлы: сіздер өте жақсы білесіздер
Sputnik Қазақстан
Ал азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыз деген сауалға "үй жұмысы әйелінің мойнында" екенін айтты 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T13:48+0500
2021-12-09T13:48+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
шымкент
әкім
жалақы
https://sputnik.kz/img/1258/78/12587887_0:55:1069:656_1920x0_80_0_0_f09da4e118a31279f9c5dbf97400e00f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов ай сайынғы жалақысы қанша екенін ашық айтпады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол басқа өңір әкімдерімен бірдей жалақы алатынын атап өтті.Ал азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыз деген сауалға "үйдің жұмысы әйелінің мойнында" екенін айтты."Мен мемлекеттік қызметкермін, шын айтсам, уақытым да жоқ. Біз жұбайым екеуміз міндеттерді бөліп алдық. Ол үйдің барлық шаруасын өз мойнына алды, мен оған сол үшін ризамын. Күндіз-түні сонымен айналысады, соның арқасында мен үйдегі тірлікке алаңдамаймын", - деді қала әкімі.Еске салсақ, бұған дейін бірқатар қазақстандық шенеунік ай сайынғы жалақысын атады.Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ай сайын 1 миллион 900 мың теңге, Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 1,8 миллион теңге табады. Ал Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айлығы – 1 миллион 954 мың теңге. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шамамен 900 мың теңге жалақы алады.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1258/78/12587887_60:0:1007:710_1920x0_80_0_0_f40b9bf02119474388034511f2c09695.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, әкім, жалақы
Шымкент әкімі жалақысы жайлы: сіздер өте жақсы білесіздер
13:48 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ал азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыз деген сауалға "үй жұмысы әйелінің мойнында" екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов ай сайынғы жалақысы қанша екенін ашық айтпады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол басқа өңір әкімдерімен бірдей жалақы алатынын атап өтті.
"Бұл мәселе БАҚ-та талай рет айтылды, менің барлық әріптесім бірдей алады, оның ішінде мен де бармын. Ол үкімет қаулысымен бекітілген. Менің жалақым қанша екенін сіздер өте жақсы білесіздер деп ойлаймын", - деп жауап берді Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрағына.
Ал азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыз деген сауалға "үйдің жұмысы әйелінің мойнында" екенін айтты.
"Мен мемлекеттік қызметкермін, шын айтсам, уақытым да жоқ. Біз жұбайым екеуміз міндеттерді бөліп алдық. Ол үйдің барлық шаруасын өз мойнына алды, мен оған сол үшін ризамын. Күндіз-түні сонымен айналысады, соның арқасында мен үйдегі тірлікке алаңдамаймын", - деді қала әкімі.
Еске салсақ, бұған дейін бірқатар қазақстандық шенеунік ай сайынғы жалақысын атады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ай сайын 1 миллион 900 мың теңге, Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 1,8 миллион теңге табады. Ал Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айлығы – 1 миллион 954 мың теңге. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шамамен 900 мың теңге жалақы алады.