Өңірлер

Шымкент әкімі жалақысы жайлы: сіздер өте жақсы білесіздер

© Photo : Официальный сайт акимата ШымкентаАким Шымкента Мурат Айтенов
Аким Шымкента  Мурат Айтенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Ал азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыз деген сауалға "үй жұмысы әйелінің мойнында" екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов ай сайынғы жалақысы қанша екенін ашық айтпады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол басқа өңір әкімдерімен бірдей жалақы алатынын атап өтті.
"Бұл мәселе БАҚ-та талай рет айтылды, менің барлық әріптесім бірдей алады, оның ішінде мен де бармын. Ол үкімет қаулысымен бекітілген. Менің жалақым қанша екенін сіздер өте жақсы білесіздер деп ойлаймын", - деп жауап берді Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрағына.
Ал азық-түлікке қанша ақша жұмсайсыз деген сауалға "үйдің жұмысы әйелінің мойнында" екенін айтты.
"Мен мемлекеттік қызметкермін, шын айтсам, уақытым да жоқ. Біз жұбайым екеуміз міндеттерді бөліп алдық. Ол үйдің барлық шаруасын өз мойнына алды, мен оған сол үшін ризамын. Күндіз-түні сонымен айналысады, соның арқасында мен үйдегі тірлікке алаңдамаймын", - деді қала әкімі.
Еске салсақ, бұған дейін бірқатар қазақстандық шенеунік ай сайынғы жалақысын атады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ай сайын 1 миллион 900 мың теңге, Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 1,8 миллион теңге табады. Ал Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айлығы – 1 миллион 954 мың теңге. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шамамен 900 мың теңге жалақы алады.
Жаңалықтар
0