Қоғам

Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктерге рұқсат беріле ме – министрдің жауабы

© Sputnik / Тимур БатыршинЗимний фестиваль Winter Family Party
Зимний фестиваль Winter Family Party - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Бүкіл білім жүйесі бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешіміне бағынады, деді Асхат Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мектептерінде жаңажылдық ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүкіл білім жүйесі бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешіміне бағынады.
"Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шаралар мектептерде өтпейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз оған бағынамыз. Сол себепті мектепте ертеңгілік те, басқа да бұқаралық шаралар болмайды", - деді министр сенат кулуарында.
Дегенмен, айтуынша, бір сынып ішінде мереке өткізу туралы шешімді мектеп әкімшілігі өздері қабылдайды.
Сондай-ақ Аймағамбетов оқушыларды әлемде коронавирустың "омикрон" штамы таралуына байланысты қашықтан оқытуға ауыстыра ма деген сұраққа жауап берді.
"Қазір бұл жайлы айтуға әлі ерте. Біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қандай да бір қорытынды жасау үшін мәліметтер қазір жеткіліксіз", - деп нақтылады министр.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0