https://sputnik.kz/20211201/nazarbaev-otstavka-prezident-18796950.html
Елбасы отставкасы жайлы: мені мәңгі президент ретінде қалдырғысы келді
Елбасы отставкасы жайлы: мені мәңгі президент ретінде қалдырғысы келді
Sputnik Қазақстан
Ол 2015 жылғы сайлауда 95 процент дауыс жинағанын еске алды. Айтуынша, бұл сол кездегі ең үлкен, мүмкін емес көрсеткіш 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T12:23+0500
2021-12-01T12:23+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
назарбаев
отставка
президент
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18683184_0:0:3123:1756_1920x0_80_0_0_d185967b07297a54a37100e204f313a4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында отставкасы жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Назарбаев танымалдығы ең шарықтау шыңына жеткенде президенттіктен кеткенін мәлімдеді. Ол 2015 жылғы сайлауда 95 процент дауыс жинағанын еске алды. Айтуынша, бұл сол кездегі ең үлкен, мүмкін емес көрсеткіш."Бірақ мені мәңгі президент ретінде қалдыру жайлы сөз болды. Әрине, мен бұған келіскен жоқпын. Мен биліктен мүлде кеткім келді. Ал маған "мәңгі қал" деді. Мен "қалмаймын, сайлау өткізейік" дедім. Қауіпсіздік кеңесінде, саяси партияда қалуға және сол арқылы елдің дамуына атсалысуға дайын екенімді білдірдім. Олар осыған келісіп, Конституциялық заң қабылдады", - деді Назарбаев "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде.Ол қазір парламент қабылдаған заңдар арқылы өз статусын жүзеге асырып жатқанын атап өтті."Ол сіздің партиядан ғой, дұрыс па?, - деп сұрады Оливер Стоун."Иә. Мен оған кедергі келтірмеймін, керісінше, қажет болғанда оған кеңес беремін", - деп жауап берді Назарбаев."Бірақ, халыққа билік шын мәнінде кімнің қолында екені үнемі қызық қой?", - деп сұрады Стоун."Президенттің қолында. Оның өкілеттігі Конституцияда жазылған", - деді Елбасы.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18683184_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7dd9d6b2266df85d88aa59e957fffee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, отставка, президент
назарбаев, отставка, президент
Елбасы отставкасы жайлы: мені мәңгі президент ретінде қалдырғысы келді
12:23 01.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ол 2015 жылғы сайлауда 95 процент дауыс жинағанын еске алды. Айтуынша, бұл сол кездегі ең үлкен, мүмкін емес көрсеткіш
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында отставкасы жайлы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Назарбаев танымалдығы ең шарықтау шыңына жеткенде президенттіктен кеткенін мәлімдеді. Ол 2015 жылғы сайлауда 95 процент дауыс жинағанын еске алды. Айтуынша, бұл сол кездегі ең үлкен, мүмкін емес көрсеткіш.
"Бірақ мені мәңгі президент ретінде қалдыру жайлы сөз болды. Әрине, мен бұған келіскен жоқпын. Мен биліктен мүлде кеткім келді. Ал маған "мәңгі қал" деді. Мен "қалмаймын, сайлау өткізейік" дедім. Қауіпсіздік кеңесінде, саяси партияда қалуға және сол арқылы елдің дамуына атсалысуға дайын екенімді білдірдім. Олар осыған келісіп, Конституциялық заң қабылдады", - деді Назарбаев "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде.
Ол қазір парламент қабылдаған заңдар арқылы өз статусын жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
"Елді жаңа президент басқарады, мен оған араласпаймын", - деді Елбасы.
"Ол сіздің партиядан ғой, дұрыс па?, - деп сұрады Оливер Стоун.
"Иә. Мен оған кедергі келтірмеймін, керісінше, қажет болғанда оған кеңес беремін", - деп жауап берді Назарбаев.
"Бірақ, халыққа билік шын мәнінде кімнің қолында екені үнемі қызық қой?", - деп сұрады Стоун.
"Президенттің қолында. Оның өкілеттігі Конституцияда жазылған", - деді Елбасы.