https://sputnik.kz/20211201/nazarbaev-rakhat-aliev-turaly-18796550.html
Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы ашық айтты
Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы ашық айтты
Sputnik Қазақстан
2008 жылы Әлиев билікті басып алуға дайындалғаны және адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрғаны үшін ұзақ мерзімге сырттай сотталды 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T11:33+0500
2021-12-01T11:33+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
назарбаев
күйеу баласы
https://sputnik.kz/img/old/854/09/8540904_0:58:1152:709_1920x0_80_0_0_2bb6964ac11c1fc242f87c77b16e3763.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты.Белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде Елбасы бұрынғы күйеу баласы, марқұм Рахат Әлиев туралы сөз қозғады. Назарбаев оның жоғары лауазымға тағайындалуын "үлкен қателік" деп атады."Ол қаржы полициясының басшылығына келді. Осыны пайдаланып, бизнесті қыспаққа алды, ақшасын тартып алды. Бір күні мен оған "Тоқта" деп ескерттім. Түсінесіздер ме, менің күйеу балам. Кішкентай үш жиенім бар. Бәрі – менің қызым үш баласымен және оның әкесі маған келді. Мен оларға: "Мен не істей аламын? Ол қылмыскер" деп айттым", - деп еске алды Назарбаев."Сіз қатты күйзелген шығарсыз?", - деп сұрады одан Оливер Стоун."Иә, бірақ ол бұл жайлы әңгімелескісі келген жоқ", - деп жауап берді Стоун."Мен оның нені бастан кешкенін түсінемін. Мен оны аяймын", - деп түйіндеді Назарбаев.Әлиев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаға үйленген еді. 2008 жылы Әлиев өз отанында билікті басып алуға дайындалғаны және адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрғаны үшін ұзақ мерзімге сырттай сотталды. Вена соты 2011 жылы маусымда Әлиевті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты.2015 жылы ақпанның соңында австриялық БАҚ Әлиев Австрия астанасындағы түрмеден денесі табылғанын хабарлады. Ол өз-өзіне қол салған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/854/09/8540904_0:21:1152:746_1920x0_80_0_0_004dfc609d0f9cc9f3e621d6f9e833be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, күйеу баласы
Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы ашық айтты
11:33 01.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) 2008 жылы Әлиев билікті басып алуға дайындалғаны және адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрғаны үшін ұзақ мерзімге сырттай сотталды
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты.
Белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде Елбасы бұрынғы күйеу баласы, марқұм Рахат Әлиев туралы сөз қозғады. Назарбаев оның жоғары лауазымға тағайындалуын "үлкен қателік" деп атады.
"Ол қаржы полициясының басшылығына келді. Осыны пайдаланып, бизнесті қыспаққа алды, ақшасын тартып алды. Бір күні мен оған "Тоқта" деп ескерттім. Түсінесіздер ме, менің күйеу балам. Кішкентай үш жиенім бар. Бәрі – менің қызым үш баласымен және оның әкесі маған келді. Мен оларға: "Мен не істей аламын? Ол қылмыскер" деп айттым", - деп еске алды Назарбаев.
"Сіз қатты күйзелген шығарсыз?", - деп сұрады одан Оливер Стоун.
"Өте ауыр болды. Егер басқа біреу болса...Ал мында арқа сүйейтін, сенетін өз жақының...Сіз кеше Дариғамен кездестіңіз ғой?", -деп сұрады Елбасы.
"Иә, бірақ ол бұл жайлы әңгімелескісі келген жоқ", - деп жауап берді Стоун.
"Мен оның нені бастан кешкенін түсінемін. Мен оны аяймын", - деп түйіндеді Назарбаев.
Әлиев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаға үйленген еді. 2008 жылы Әлиев өз отанында билікті басып алуға дайындалғаны және адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрғаны үшін ұзақ мерзімге сырттай сотталды. Вена соты 2011 жылы маусымда Әлиевті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты.
2015 жылы ақпанның соңында австриялық БАҚ Әлиев Австрия астанасындағы түрмеден денесі табылғанын хабарлады. Ол өз-өзіне қол салған.