https://sputnik.kz/20211201/Nazarbaev-suret-banknot-18795828.html
Назарбаевтың суреті басылған 20 мың теңгелік банкнот шығады
Назарбаевтың суреті басылған 20 мың теңгелік банкнот шығады
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банк тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T10:18+0500
2021-12-01T10:18+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
назарбаев
банкнот
теңге
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744322_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_17730ef180de2c7b3b2d415a5dc2ea13.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк 20 мың теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады. Банкноттың бет жағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бар.Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды.Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкнотта сұр түс басым, көлемі 155х79мм."Бет жағында негізгі бейнелер – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде "Қазақ елі" монументі, "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі "Киіз үйді" безендіру желісі бойынша "Басқұр" – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.Ал банкноттың сыртқы бетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақорданың панорамалық көрінісі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекеуге арналған логотип бейнеленген.20 000 теңгелік мерейтойлық банкнот Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша нақты құны бойынша қабылдана береді. Сондай-ақ банктерде банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға міндетті.Айта кетері, Елбасының портреті бар 10 000 теңгелік алғашқы мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылған еді. Ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған болатын.Қазіргі кезде Қазақстанда 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар айналыста жүр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744322_413:0:2664:1688_1920x0_80_0_0_ed6315fffe033220cd6f050cc3494a7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, банкнот, теңге
назарбаев, банкнот, теңге
Назарбаевтың суреті басылған 20 мың теңгелік банкнот шығады
10:18 01.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ұлттық банк тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк 20 мың теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады. Банкноттың бет жағында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бар.
Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды.
Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкнотта сұр түс басым, көлемі 155х79мм.
"Бет жағында негізгі бейнелер – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде "Қазақ елі" монументі, "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі "Киіз үйді" безендіру желісі бойынша "Басқұр" – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Ал банкноттың сыртқы бетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақорданың панорамалық көрінісі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекеуге арналған логотип бейнеленген.
20 000 теңгелік мерейтойлық банкнот Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша нақты құны бойынша қабылдана береді. Сондай-ақ банктерде банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға міндетті.
Айта кетері, Елбасының портреті бар 10 000 теңгелік алғашқы мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылған еді. Ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған болатын.
Қазіргі кезде Қазақстанда 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар айналыста жүр.