Қоғам

Ешкім тиісе алмайды: адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы заң жобасы мақұлданды

© Photo : пресс-служба сената парламента Казахстанадепутат
депутат  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге оның қылмыстық жауаптылығына немесе әкімшілік жауапкершілігіне қол сұғылмаушылық мәртебесі беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің айтуынша, заң жобасын дайындау кезінде халықаралық тәжірибе, ең алдымен, Париж қағидаттары мен Венеция қағидаттары мұқият зерделенді. Сондай-ақ алыс және жақын шетелдердегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің заңнамалық негізі мен құқық қолдану тәжірибесі зерттелді.

"Уәкілдің мәртебесіне, қызметінің қағидаттарына, яғни адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мүддесінде заңдылық, ашықтық және тәуелсіздік қағидаттарына ерекше мән беріледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге оның қылмыстық жауаптылығына немесе әкімшілік жауапкершілігіне қол сұғылмаушылық мәртебесі беріледі. Осыған байланысты оны жауапкершілікке тартудың ерекше тәртібі енгізіледі. Сонымен қатар, уәкіл куә ретінде айғақтар беруден босатылады", - деді Шәкіров мәжілістің жалпы отырысында.

Уәкілдің заңды қызметіне араласқаны немесе кедергі келтіргені үшін жауаптылық енгізіледі.

Заң жобасында уәкілге ешкімнің тиіспеушілігі, оның ішінде сот тәртібімен қолданылатын қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға, оның қызметіне араласуға және заңда көзделмеген қандай да бір функцияларды жүктеуге, сондай-ақ оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтіруге жол бермеуге қатысты кепілдіктер жазылған.

Уәкіл бес жыл мерзімге сайланады. Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін ол қызмет кезеңінде саяси қызметпен айналыса алмайды, мемлекеттік қызметте істемейді, оқытушылық, ғылыми не өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен айналыса алмайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0