Қоғам

Вакцина салдырған қазақстандықтар арасында Мальдивке жолдама ойнатылады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМальдивы
Мальдивы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Астаналықтар ұтыс ойынына автоматты түрде қатысады, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Ұтысқа 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында (25 желтоқсанды қоса алғанда) вакцинаның 1-компонентін салдырған тұрғындар қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтар ұтыс ойынына автоматты түрде қатысады, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Жолдама мен сыйлықтар әкімдіктің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшасында тікелей эфирде ойнатылады.

Бұған дейін қала әкімдігі демеушілермен бірігіп, вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам iPhone12, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатқан еді.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцина салдырғандардың ID генерациясы арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар сервисі денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0