Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырған тұрғын 2 бөлмелі пәтер ұтып алды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Ұтысқа 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан –  Sputnik. Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылған 2 бөлмелі пәтерді Әсемгүл Ысқақова ұтып алды. Бұл туралы Хабар агенттігінің YouTube арнасындағы тікелей эфирде белгілі болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы екпе алып, ұтысқа қатысқандар арасында 75300 нөмірлі Ысқақова Әсемгүл Еркінбекқызы елордадағы басты сыйлық – 2 бөлмелі пәтерге ие болды", - делінген хабарламада.

Ұтысқа 25 маусым мен 28 қыркүйек (қоса есептегенде) аралығында Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысты.

Елорда әкімдігі бұдақ бөлек, апта сайын вакцина салдырғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді. Нәтижесінде 19 iPhone телефоны, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, "Алиса" ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш үлестірілді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында вакцина салдырған тұрғынға екі бөлмелі пәтер берілді 

Сонымен қатар вакцина салдырғандар арасында бағалы заттарды сауда және ойын-сауық орталығы, сауда үйлері де өткізді. Мысалы "MEGA Silk Way" сауда және ойын-сауық орталығының вакциналау пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар арасында автокөлік ойнатылды.

Жаңалықтар
0