Өңірлер

Маңғыстау облысында вакцина салдырған тұрғынға екі бөлмелі пәтер берілді

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Қайрат Қосаевтың Түрікменстаннан көшіп келгеніне 10 жылдай болған. Ақтауда нағашыларының үйінде тұрған

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, пәтер ұтып алды. "Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал" науқанының жеңімпазы – Қайрат Қосаев есімді азамат, деп хабарлады облыстың қоғамдық коммуникация орталығы.

27 жастағы Қайрат Қосаевтың науқан жеңімпазы екені 6 тамызда белгілі болды. Оған Ақтау қаласынан жаңадан салынған үйден екі бөлмелі пәтер берілді.

Mangystay Media мәліметіне сәйкес, Қайрат Қосаевтың Түрікменстаннан көшіп келгеніне 10 жылдай болған. Ақтауда нағашыларының үйінде тұрған. Ата-анасы да Түрікменстаннан көшіп келуді жоспарлап отыр.

Жеңімпаздың айтуынша, вакцинаны ұтыс үшін емес, өз денсаулығы үшін салдырған.

"Бұған дейін ештеңе ұтып көрмеген едім. "Ұттың" деп хабарласқан кезде сенбедім. "Шын ба?" деп нақтылап сұрадым. Көпшілікпен жұмыс істейтін болғандықтан өз еркіммен емханаға барып вакцина салдырдым. Бәріне жұғысты болсын. Ауырмайық", - деді Қайрат Қосаев.

Сонымен қатар облыста бір жарым айға созылған науқан кезінде вакцина салдырғандарға 40-қа жуық бағалы сыйлық табысталды.

Жаңалықтар
0