Қоғам

Қазақстандағы АЭС құрылысы: халықтың пікірі ескеріле ме

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАЭС
АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан атом электр станциясын салса, кадр даярлау ісіне көмектесуге дайын екенін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елде атомды бейбіт мақсатта қолдануға кіріспес бұрын, тұрғындардың бұл жайлы пікірі ескерілетін бола ма деген сұраққа жауап берді. 

Министрдің айтуынша, атом электр станциясының құрылысы туралы шешім әлі қабылданған жоқ. 

"Әзірге бұл мәселе жан-жақты зерттеліп жатыр. Ең алдымен біздің энергетикалық, тұтыну және өндіру балансымыздың қауқары зерттеледі. Ал халықтың пікіріне келер болсақ, әрине ескерілетін болады. АЭС болсын, жылу станциясы болсын ірі стратегиялық нысан болып есептеледі. Және заң, "Атомдық энергияны қолдану туралы" экологиялық кодекс бойынша қоғам және тұрғындардың пікірі міндетті түрде ескерілуге тиіс", - деді ол үкіметтегі онлайн брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте өткен он жетінші өңіраралық ынтымақтастық форумда Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан атом электр станциясын салса, кадр даярлау ісіне көмектесуге дайын екенін жеткізді

"Егер сіздер атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, Ресей қазақстандық серіктестеріне оны тұрғызу және эксплутациялау ісіне өз көмегін ұсынады. Атап айтқанда, республикада ресейлік дизайндағы АЭС құрылысы жайлы сөз болуы мүмкін. Бірақ ол ғана емес. Бұл жерде тұтас бір сала құру туралы сөз қозғалып отыр. Оған Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдаланумен байланысты жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даяурлау да кіреді", - деді Путин.

Оқи отырыңыз: 

 

 

Жаңалықтар
0