Экономика

Қазақстанға АЭС қажет – президент

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Қазақстанда АЭС құрылысы кезінде халық пен бизнестің, мемлекеттің қажеттіліктерін ескеру керек, деп атап өтті мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде АЭС салу қажеттілігі туралы айтты.

"Өз басым бұл мәселені нақты қарастыратын кез келді деп санаймын. Өйткені Қазақстанға атом стансасы қажет", - деді Тоқаев Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумында.

Президент өз жолдауында Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырғанын еске салды. Азаматтар мен бизнесті қоса алғанда, мемлекеттің қажеттіліктерін тиісті деңгейде ескеру керек.

"Әлемдік энергия өндірісінің 60%-тен астамы АТӨ елдеріне тиесілі екенін ескерсек, бұл елдер алдында да жасыл энергетикаға көшу сияқты ұқсас міндеттер тұр деп топшылауға болады. Бұл жерде мемлекеттердің көміртек бейтараптығының өзекті проблемалары бойынша өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие болады", - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін жан-жақты зерделеп шығуды тапсырды. Оның айтуынша, 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcының тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом.

Жаңалықтар
0