Экономика

Бюджетте АЭС салуға қаражат қарастырылмаған – вице-министр

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСтроительство АЭС, архивное фото
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Үкімет қауіпсіз экологиялық атом энергетикасын дамытуды жан-жақты зерделеуге тапсырма берді, деп атап өтті Қарағаев

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек –  Sputnik. Үш жылдық бюджетте атом электр станциясын салуға қаражат қарастырылмаған. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Атом электр станциясының құрылысына қажетті қаражат енгізілді ме, жоқ па деген сұраққа келетін болсақ, республикалық бюджеттің жобасында ол ақша қарастырылмаған", - деді Қарағаев мәжілісте үш жылдық бюджетті таныстыру кезінде.

Оның айтуынша, үкімет қауіпсіз экологиялық атом энергетикасын дамытуды жан-жақты зерделеуге тапсырма берді. 2022 жылдың қыркүйек айына дейін тиісті ұсыныс әзірленуге тиіс. Қазіргі кезде атом электр станциясын салу мәселесі зерделеніп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға АЭС қажет – президент 

Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін жан-жақты зерделеп шығуды тапсырған болатын.

"2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcы тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом. Иә, оңай шаруа емес. Сондықтан осы мәселені ұтымды шеше білуіміз керек, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермейік. Бір жыл ішінде үкімет пен "Самұрық-Қазына" елімізде қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеп шығуға тиіс", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауда.

Осы орайда мемлекет басшысы атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне де баса назар аударды. Онсыз бейбіт атомды дамыту қиынға соғады.

Жаңалықтар
0