04:49 19 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.37
  • EUR492.66
  • RUB5.97
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4774 0 0

Көбінесе телефон екі жылда бір рет ауыстырылады. Бұл уақытта құрылғының техникалық жағдайы әлі де жақсы күйде болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Көптеген адам телефоны сынғанда емес, жаңа моделі шыққанда ауыстырады. Алайда бұл жақсы стратегия емес, әсіресе, ақша жетпесе қиын, деді "Прайм" агенттігіне Telecom daily ақпараттық-сараптамалық агенттігінің директоры Денис Кусков.

"Егер телефоныңыз кейбір қосымшаларды жүктей алмай, батереясы тез таусылып, экран күңгірт болып кетсе, смартфонды ауыстырған дұрыс", - деді маман.

Ал смартфон жұмысына шағым болмаса, басқасын алуға асықпаған жөн. Негізінен, телефон екі жылда бір рет ауыстырылады. Бұл уақытта құрылғының техникалық жағдайы әлі де жақсы күйде болады.

Сондықтан маман телефонды осыншалықты жиі алмастырмауға кеңес берді. Бұл ақша үнемдеуге де жақсы. Өйткені адамдардың дені телефоны ескіргендіктен емес, жаңа түрін қолданғысы келгендіктен ауыстырады, деп түйіндеді ол сөзін.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Маман телефонда қандай деректерді сақтамау қажет екенін айтты
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті   
Кілт сөздер:
телефон
Загрузка...

Басты тақырып