Қоғам

Телефонның жұмыс істеу уақытын қалай ұзартуға болады – маман кеңесі

© Sputnik / Владислав ВодневБоксеры на тренировке
Боксеры на тренировке - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Заманауи смартфондар температураны бақылап отырады, қызған жағдайда өзі сөніп қалады. Дегенмен аптап ыстықта көп күн сәулесінің астында тұрған телефонның аккумуляторы әлсірейді

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде - Sputnik. Сынап бағанасы 30 градустан жоғары болған кезде телефон қызып кету мүмкін. Телефон аккумуляторына қолайлы температура 0-ден +25 градус шамасында болуы керек.

Жағажайда немесе көшеде жүрген кезде телефонға күн сәулелері түседі. Көліктің панеліне де құрылғыны ұзақ уақытқа қоймаған жөн, деп жазады "Прайм" Г.В. Плеханов атындағы университтің ғылыми қызметкері  Виталий Красиковке сілтеме жасап. 

Заманауи смартфондар температураны бақылап отырады, қызған жағдайда өзі сөніп қалады. Дегенмен аптап ыстықта көп күн сәулесінің астында тұрған телефонның аккумуляторы әлсірейді.

"Бұл телефон жарылады деген сөз емес. Алайда шектен тыс қызып кетіп, істен шығуы әбден мүмкін", - дейді маман.

Ал жағажайда құрылғыға су немесе құм кететін жағдайлар болады. Салдарынан телефон істемей қалады.

"Электроника ешбір жағдайда су мен құмға тимегені дұрыс. Сондықтан қарапайым ережелерді сақтаған жөн", - деді ғылыми қызметкер.

Ол жаңбыр тисе де, телефонның жұмыс істеу уақыты қысқаруы мүмкін екенін де естен шығармауға кеңес береді.

Жаңалықтар
0