Қоғам

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан ғана қалды: Мамин әкімге тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневАстана
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Маминнің пікірінше, әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайту керек

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин елорда әкімдігіне коронавирусқа қарсы қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанын атап өтті. Вирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді, бір аптада 30%-ке азайған.

"Елорда ғана "қызыл аймақта" қалды. Осы ретте, әкімдік қосымша шаралар қабылдауы керек", – деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, халықтың вакцина алуы мен эпидемияға қарсы шаралар нәтижесінде Қазақстан "жасыл" аймаққа кірді.

Сондай-ақ, бүгінгі күні 2,4 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 1,3 миллионға жуығы екінші дозаны алды.

Оқи отырыңыз: Мамин денсаулық министрлігіне вакциналау интервалын нақты анықтауды тапсырды

Мамин әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігіне жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуды тапсырды. Әсіресе, бұл жұмысты Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында күшейту керек, деді ол.

10 маусымдағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
  • "Сары" аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысы;
  • "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы.
Жаңалықтар
0