Қоғам

Мамин денсаулық министрлігіне вакциналау интервалын нақты анықтауды тапсырды

© REUTERS / DADO RUVICПаспорт вакцинированного от коронавируса
Паспорт вакцинированного от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Қазіргі таңда вакцинаның бірінші компоненті 1,9 миллионнан аса адамға, ал екінші дозасы 800 мыңға жуық адамға егілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігіне вакцинаның екінші дозасын нақты қанша күннен кейін алу керектігін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, вирустың репродуктивтілік индексі 0,98 құрайды. Ауруханалардағы орындар – 36%-ке, жансақтау бөлімдері 28%-ке толы.

Оқи отырыңыз: Цой адамдарға қауіп төндіретін кейбір қазақстандықтар туралы айтты 

Қазіргі таңда вакцинаның бірінші компоненті 1,9 миллионнан аса адамға, ал екінші дозасы 800 мыңға жуық адамға егілді.

"Адамдарға вакцинаны таңдау құқығы және тиісті ақпарат берілуге тиіс.  Әсіресе, денсаулық сақтау министрлігі вакциналау арасындағы интервалды нақты анықтап, халықтың қалауына назар аудару керек", - деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр әкімдерге вакциналау қарқынын арттыру жұмысын жалғастыруды тапсырды. Айтуынша, қоймалар мен медициналық ұйымдарда вакцина жеткілікті.

Бұған дейін ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алу уақыты өзгертілді. Бірінші және екінші доза арасындағы интервал  90 күнге дейін созылған болатын. Алайда қазақстандықтар алдын ала өтініш жазып, екінші компонентті бұрынғыдай 21 күннен кейін де салдыра алады.

Жаңалықтар
0