Қоғам

Цой Біртановпен арақатынасы туралы: "Қазір араласпаймыз"

© Sputnik / Абзал Калиев Министр здравоохранения Елжан Биртанов
 Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан бері бері үйқамақта отыр. Оған аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой бұрынғы министр Елжан Біртановпен қазір араласпайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

"Біз қалай да болсын әріптеспіз ғой. Бірнеше жыл бірге етене жұмыс істедік. Сосын ол министрлікті басқарып тұрғанда, мен вице-министр болдым. Әрине, мен оны жақсы танимын. Қылмыстық іске дейін біз араластық. Ал қазір әркім өз бағытымен кеткендіктен, араласып жүрген жоқпыз. Жалпы арамызда қандай да бір түсініспеушіліктер жоқ. Әріптес сияқтымыз", - деді Цой.

Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан бері бері үйқамақта отыр. Оған аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Министр Цой коронавирустан қайтыс болған туыстары жайлы айтты

Біртанов денсаулық сақтау министрлігін 2017 жылдан 2020 жылға дейін басқарды.

Жуырда сот экс-министрге отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Біртановқа сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін сыртқа шығуға рұқсат етілді.

Судья Біртановтың асырауында бес баласы (оның үшеуі кішкентай) және қарт анасы бар екенін ескерген.

Жаңалықтар
0