https://sputnik.kz/20210527/Tsoy-Birtanov-karym-katynas-17177485.html
Цой Біртановпен арақатынасы туралы: "Қазір араласпаймыз"
Цой Біртановпен арақатынасы туралы: "Қазір араласпаймыз"
Sputnik Қазақстан
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан бері бері үйқамақта отыр. Оған аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген... 27.05.2021, Sputnik Қазақстан
2021-05-27T16:21+0500
2021-05-27T16:21+0500
2023-08-09T10:14+0500
https://sputnik.kz/img/1058/82/10588206_0:17:2000:1148_1920x0_80_0_0_de68d3f93bf6db794dfb76773bfeaaf3.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1058/82/10588206_0:0:2000:1258_1920x0_80_0_0_e695a142511474703756ffb06d47b16e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елжан біртанов, денсаулық сақтау министрлігі
елжан біртанов, денсаулық сақтау министрлігі
Цой Біртановпен арақатынасы туралы: "Қазір араласпаймыз"
16:21 27.05.2021 (жаңартылды: 10:14 09.08.2023) Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан бері бері үйқамақта отыр. Оған аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой бұрынғы министр Елжан Біртановпен қазір араласпайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.
"Біз қалай да болсын әріптеспіз ғой. Бірнеше жыл бірге етене жұмыс істедік. Сосын ол министрлікті басқарып тұрғанда, мен вице-министр болдым. Әрине, мен оны жақсы танимын. Қылмыстық іске дейін біз араластық. Ал қазір әркім өз бағытымен кеткендіктен, араласып жүрген жоқпыз. Жалпы арамызда қандай да бір түсініспеушіліктер жоқ. Әріптес сияқтымыз", - деді Цой.
Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан бері бері үйқамақта отыр. Оған аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды.
Оқи отырыңыз: Министр Цой коронавирустан қайтыс болған туыстары жайлы айтты
Біртанов денсаулық сақтау министрлігін 2017 жылдан 2020 жылға дейін басқарды.
Жуырда сот экс-министрге отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Біртановқа сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін сыртқа шығуға рұқсат етілді.
Судья Біртановтың асырауында бес баласы (оның үшеуі кішкентай) және қарт анасы бар екенін ескерген.