Қоғам

Тойбастар ысырапшылдық па, жоқ әлде...

© REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVБөген ауылының тұрғыны домбыра тартып отыр
Бөген ауылының тұрғыны домбыра тартып отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде тойбастар тойда берілетін естелік сыйлық қана емес, нағыз табыстың көзі

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik, Нұргүл Абай. Тойбастар – қазақтың тойында жасалатын кәде-жоралардың бірі. Заманның өзгеруімен тойбастар да түрленіп, жаңарып, алуан түрлі сипат алуда. Тойбастар тойға келген қонаққа осындай қуаныш жұғысты болсын деген ниетпен таратылады. Еліміздің көптеген өңірінде келесі тойдың бастауы ретінде тойбастар той соңында үлестіріледі. Sputnik Қазақстан тілшісі "қазақтың тойына тойбастар қажет пе?" деген сұрақтың жауабын іздеп көрді. 

"Тойбастар" – бизнестің бір түрі  

Өрт сөндіруші, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бейнеуде той болып жатқан мейрамхана өртеніп кетті

Бар жиған-тергенін бір күндік тойға шаша салатын жомарт халық той кәделеріне ерекше мән береді. Оның үстіне, "біздің жұрттан қай жеріміз кем?" дейтініміз тағы бар. Бүгінде заманның өзгеруімен той қонақтарына үлестірілетін сый-сыяпаттардың да түр-түсі өзгеріп, заманауи сипат алуда. Қоржын-қалтаны базардан сатып алынған 50-100 теңгенің ұсақ-түйек заттарына толтыратын қазақ жоқ қазір. Талғам да, баға да өсті. Бәсеке, жарыс, дарақылық деген де бар. Қазір әр той иесі қызық-қуанышын бөлісуге келген меймандарына бақытты күннен естен кетпес естелік сыйлап, шығарып салуға тырысады. Қалтаң көтерсе, неге болмасын. 

© Photo : Instagram-нан алындыInstagram-дағы тойбастар: түйіршіктелген қара шай
Instagram-дағы тойбастар: түйіршіктелген қара шай - Sputnik Қазақстан
Instagram-дағы тойбастар: түйіршіктелген қара шай

Бүгінде тойбастар тойда берілетін кішкентай сыйлық қана емес, нағыз табыстың көзі. Креативті, бизнестің қыр-сырын меңгерген, тың идеяларға толы жандар үшін ақша табудың бір түрі. "Уақыт тапшы" заманда тойбастар алу үшін базар аралауға уақыты болмай жататындар тапсырысты интернеттен береді. Интернетте тойбастарға арналған сайттар да, парақшалар да жетерлік. Бірі бірінен асып түседі, ең бастысы – бас ауыртпай, қалтаң көтеретін бағаға өзіңе ұнаған тойбастарды таңдауға мүмкіндік бар. Құдалық, қыз ұзату, үйлену тойы, бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу – кез келген той түріне тапсырыс қабылдайды.

Абай тұрғыны ағасының тойына түскен қаржыны өзін зорлаған жігітке апарып берген  

Қазіргі таңда тойда "бонбоньерка" деп аталатын кішкентай қораптар трендке айналуда. Әдемі безендірілген кішкентай қорапшаға кәмпит, шоколад немесе шай салынады. Сыртында тойбастар деген жазуы болады. Әдетте бонбоньерканы әр қонақтың тәрелкесінің жанына қояды. Қорапшаның түсі, көлемі мен безендірілуі той иесінің қалауына байланысты. Бастысы ішіндегі сыйлығы бәрінде бірдей болуы тиіс. 

Базарда бұл қорапшалардың құны 100-200 теңгеден басталады. Ал интернет арқылы қолдан жасалған бонбоньеркаға тапсырыс берсеңіз, ең кемі 1500-2000 теңге төлейсіз. 

© Photo : Instagram-нан алындыInstagram-дағы тойбастар: бал
Instagram-дағы тойбастар: бал - Sputnik Қазақстан
Instagram-дағы тойбастар: бал

Кейінгі кезде солтүстік өңірлерде той қонақтарына шыны құтыға құйылған бал тарту ету сәнге айналуда. Безендірілген балдың құны 1500 теңгеден басталады. Тапсырыс қабылдайтындардың дені клиенттеріне Шығыс Қазақстанның балын ұсынады. 

Мәселен, тойға 80 адам шақырсаңыз, бір ғана тойбастарға 1500 теңгенің балымен есептегенде, 120 мың теңге қажет. Той иелерінің кейбірі ақша үнемдеу үшін бос шыны құтыға тапсырыс беріп, балды базардан өздері сатып алатын көрінеді.  

Ерекше тойбастар 

пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қызылордада той кезінде адам өлтірді

Әр тойға арнап, әртүрлі ерекше тойбастар ойлап шығаруға болады. Мәселен, үйлену тойында жас жұбайлардың суреті бейнеленген немесе есімдері жазылған магнит жапсырмаларын сыйға тартсаңыз болады. Мұндай сыйлық кез келген қонаққа ұнары анық. 

Сәбидің 1 жасқа толуын мерекелейтін ата-аналар келген меймандарға қолдан жасалған сабын сыйлап жатады. Сабын ұйықтап жатқан сәби немесе періште пішінінде жасалады. 

"Отбасы – ошақ қасы" демекші, екі жастың суреті бейнеленген сіріңке де таптырмас сыйлықтың бір түрі. 

Шыны құтыға құйылған бал емес, тосап та тәтті тойбастардың бір түрі ретінде тарту етіледі. 

Тойбастар ысырапшылдық па, жоқ әлде…

Көкшетау қаласында тұратын Айнаш Жамбылқызы тойбастарды босқа ақша шашу деп санайды. 

"Жақында жұбайымның 50 жылдық мерейтойын өткіздік. Ағайын-туыс, жора-жолдастарды қосқанда 80-ге жуық адам келді. Тойбастарға деп Көкшетаудың суреті бейнеленген сувенир кесе алдым. Әрбірі 400 теңгеден. Енді есептей беріңіз. Одан кейін қалтасы тағы бар. Үлкен кісілерге, алыстан ат терлетіп келген туған-туыстарға жолын бересің. Бас-аяғы осының бәріне 80-90 мың теңге кетті", — дейді ол. 

© Photo : Instagram-нан алындыInstagram-дағы тойбастар: "бонбоньерка"
Instagram-дағы тойбастар: бонбоньерка - Sputnik Қазақстан
Instagram-дағы тойбастар: "бонбоньерка"

Көкшетаулық тұрғынның айтуынша, солтүстік облыстарда тойбастарды әркім әрқалай таратады. 

"Кейбіреулері әдемі безендірілген дорбаға бәрін салып, той ортасында музыкамен әр үстелге қояды. Дорбаның ішіне бірыңғай ыдыс-аяқ немесе тек жуынатын заттар салынады. Тойбастарды оны тарату жөнін білетін адам ашады. Барлық сыйлық үлестірілгеннен кейін, дорба сол дастархандағы жасы үлкен адамға беріледі. Кейбірі тойбастарды дорбаға емес, себетке салып жатады. Бір себеттің өзі кемінде төрт-бес мың теңге тұрады", — деді Айнаш Жамбылқызы. 

Димаш Ниязов - Sputnik Қазақстан
Әлем
Нью-Йорктің үздік полицейі Димаш Ниязовтың тойы қалай өтті - видео

Ол тойбастарды ысырапшылдық деп санайды. 

"Қазақпыз ғой, ешкімнен құр қалғың келмейді. Бәрі беріп жатыр екен деп, сен де бересің. Бірақ негізі өз басым қарсымын. Босқа ақша шашу деп санаймын. Тойдың тойбастардан басқа да шығындары бастан асады. Бұрын ауылда тұрғанда, тойбастар тарату дегенді білмейтін едік. Соңғы екі-үш жылда көріп жатырмыз мұндай дүниені", — дейді ол. 

Қазақ әншісінің тақырбас қалыңдығы желі қолданушыларын "таңғалдырды"

Ал атыраулық Роза Қалижанның бұған қатысты пікірі мүлде басқа. Тойбастар ешқандай да ысырапшылдық емес, керісінше сенің барыңды көрсетеді дейді ол. 

"Босқа кеткен шығын деп санамаймын. Керісінше, қонаққа тойдан қалатын керемет естелік емес пе. Барын көрсетуге тырысатын халықпыз ғой. Біздің батыс жақта көбіне той иелері әдемі қорапшаларға салынған кәмпит-шоколадтар беріп жатады. Кейінгі кездері бал да таратып жүр",- дейді ол.

Жаңалықтар
0