Әлем

Нью-Йорктің үздік полицейі Димаш Ниязовтың тойы қалай өтті - видео

© Photo : акаунт Димаша Ниязова в соцсетяхДимаш Ниязов
Димаш Ниязов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жас жұбайлардың некелесу салтанаты Гавай аралдарында өткен. Димаш америкалық қыз Дженнифермен отау құрды

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. қаласы аудандарының бірінде үздік полицей атағын алған тумасы Димаш Ниязов әлеуметтік желіде үйлену тойының кадрларымен бөлісті.

Ниязов өзінің ұзақ уақыттан бері көңіл қосқан құрбысы – америкалық Дженниферге үйленді. Некелесу салтанаты Гавай аралдарында өткен.

"Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл өмірімдегі ең тамаша күн болды! Мен үшін бүкіл әлем болған бар байлығым — жан құрбыма үйлендім. Бұл күні жаңбыр болмасыншы деп Құдайдан тілеген едім, өйткені үйлену тойынан үш күн бұрын жаңбыр тоқтамай, әбден мазам кетті. Бірақ тілегім қабыл болды, Құдай бізге жайма-шуақ күнді әрі Мауи жұрты талай жыл көрмеген, алаулап батқан күннің әдемі көрінісін сыйлады. Бізге осы күнді бұйыртқан Құдайға мың алғыс, бізге батасын берген отбасымыз бен достарымызға көп рахмет! Баршаңызды бағалаймыз және шексіз жақсы көреміз!", — деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Димаш Ниязов кәсіпқой рингте алғаш рет жеңілді

Ниязовтың қалыңдығы да әлеуметтік желіде той суреттерімен бөлісті.

Димаш Ниязов тумасы. Жасөспірім кезінде АҚШ-қа көшіп кеткен, 2017 жылы білікті қызметі және өз ісіне берілгендігі үшін үздік полицей мәртебесіне ие болды. Жұмыстан бөлек Ниязов кәсіпқой бокспен шұғылданады.

Жаңалықтар
0