Оқиға

Бейнеуде той болып жатқан мейрамхана өртеніп кетті

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиӨрт сөндіруші, архивтегі фото
Өрт сөндіруші, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банкет залындағы отшашудан шыққан қызыл жалын мейрамханаға толығымен шарпыған

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу елді мекенінде үйлену тойы кезінде өрт шықты.

"Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Бейнеу елді мекенінде мейрамхананың шатыры өртенді. Қоңырау 00.20-да түсті, өртті сөндіруге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Жалын 680 шаршы метрге шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тойға келгендер өртеніп жатқан мейрамханадан өздері шықты", — деп хабарлады ТЖ комитеті.

Өрттің алдын ала себебі – пиротехниканы қолдану ережесін сақтамау.  

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланды. 

Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 3 арнайы өрт техникасы, сондай-ақ Төтенше жағдайлар комитетінің Маңғыстау облысындағы филиалына қарасты "Өрт сөндіруші" АҚ қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.

Еліміздің оңтүстігінде көлікте үш жасар бала өртеніп кетті


Жаңалықтар
0