Қоғам

Қазақ курсанты өрт кезінде адамды құтқаратын мобильдік қосымша әзірледі

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мобильді қосымшада Қазақстандағы 2 мыңнан астам қоғамдық ғимараттың бас жоспары қамтылған

АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. InHelp мобильдік қосымшасы адамдарға төтенше жағдай болған кезде, қоғамдық ғимараттан бірден шығу жолын нұсқап, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді,   деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Асық ойыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында оқушы асықтан массажер жасап шығарды

Кемероводағы сауда орталығында ондаған адамның өмірін жалмаған өрт біздің қазақ жастарына ой салса керек. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 3 курсында оқитын курсант Әділет Серік қоғамдық ғимараттарда өрт немесе басқа да төтенше жағдай болған кезде, адамдарға нысаннан қалай аман-есен шығуға болатынын көрсететін мобильді қосымша әзірледі. Айтуынша, жоба 90 пайыз дайын. Тек оған инвестор тартып, толығымен жүзеге асыру ғана қалды. 

"Қазір ең басты проблемалардың бірі – бұл адамдардың білім деңгейінің төмен болуы және қоғамдық ғимараттарда төтенше жағдай болған кезде  бірден шығу жолдарын таба алмай, үрейге берілуі. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін мен мобильдік қосымша жасап жатырмын. Онда төрт бағыт қамтылған. Біріншісі – өрт және төтенше жағдай кезіндегі алгоритм жазып көрсетілген, ол фото, видео, мәтін және аудио түрінде беріледі. Содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету. Ол да төрт форматта ұсынылады. Ұялы телефоныңызда интернет қосылмай тұрған кезде де, құтқарушыларды немесе тағы басқа шұғыл қызметтерді шақыра аласыз", — деді Әділет. 

Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шетелге шығатын қазақстандықтар үшін мобильді қосымша іске қосылды

Оның айтуынша, әзірге қосымшада Қазақстан бойынша 2000 мыңнан аса нысанның бас жоспары енгізілген. Болашақта қосымша жаңартылып, қоғамдық ғимараттар саны толыға береді. 

"Кемероводағы сауда орталығында болған трагедиядан кейін қосымшаға нысандардың бас жоспарын қосуды ұйғардым. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша екі мыңнан астам қоғамдық ғимараттың бас жоспары бар. Болашақта ол жаңартылып, қосыла береді. Барлығы 14 облыс орталығы мен Астана, Алматы қалаларының ғимараттары енгізіліп отыр. Яғни, балабақша, мектептер, емханалар, ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары", — дейді жоба авторы. 

Оның айтуынша, мобильдік қосымшаны толығымен жасап шығару үшін ең кемі 500 мың теңге қажет. Жобаны әзірлеуге алты ай уақыт кетіпті. 

"Қосымшада барлығы үш тілде жазылған. Ең басты ерекшелігі – қазақ тіліндегі мәтіндерді латын әліпбиімен жаздым", — дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада "StartapBolashak – Менің арманым" жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауының ширек финалдық кезеңі басталды. Ширек финалға 471 бизнес-жоба іріктеліп алынды. Шараға 16 мен 35 жас аралығындағы 900-ден астам жас стартапер, сондай-ақ 100 сарапшы, 50 ментор мен 20 өңірлік үйлестіруші қатысып жатыр. Үш күн ішінде жартылай финалға жолдама алатын 100 мықты жоба таңдалып алынады. 

Профессор Зинетола Инсепов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық ғалым телефонды ұзақ уақыт қуаттамау әдісін ойлап тапты

Жартылай финалға өткен ең мықты 100 жоба авторы шілде айында "StartapBolashak – Менің арманым" жазғы кубогы аясында финалға жолдама алу үшін бақ сынасады. Соның тек 50-і ғана "Менің арманым" телевизиялық шоуына қатысады. Бұл кезең стартап аукционы сияқты өтеді. Жас кәсіпкерлер инвесторлар мен Қазақстанның ірі венчурлық компания өкілдеріне өз жобасын таныстырады. Мұндағы мақсат – байқауға қазылық етіп отырған инвесторлардың қызығушылығын тудырып, өз жобасын жүзеге асыруға қаражат тарту. 

Байқауды Білім және ғылым министрлігі, "Болашақ" қауымдастығы және "Success K" стратегиялық коммуникациялар агенттігі ұйымдастырып отыр.

Жаңалықтар
0