АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Назарбаев Университетінің профессоры Зинетола Енсепов болашақта телефон батареясының қазіргі көрсеткіштерден жүз есе ұзақ қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін технологияны патенттеді.
"Телефондағы ең күрделі мәселе оның батареясы. Сіз оны қуаттандырасыз – ол тез отырып қалады.
Телефондардың келесі нұсқаларында өмірлік қолдануға мүмкіндік беретін батареялар орнатылады. Мысалы, ол 150 жыл жұмыс жасауы да мүмкін. Оны жасап шығару үшін, отынды жеткізу сорғышы болуы керек. Мұндай батарейлер қазір де бар, бірақ олардың көлемі өте үлкен. Оларды өз телефондарыңызға қосқыңыз келсе, олар жұмыс жасамайды. Біздің құрылғы осындай батарейлерді іске қосуға мүмкіндік береді", — деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан тілшілерімен болған сұхбат кезінде профессор.
Ғалымның айтуынша, бұл жаңалық тек қана телефондар үшін ғана емес, сонымен қатар ноутбуктерге де арналады.
Физика-математика ғылымдарының докторы өзінің жаңалығы жайлы нақты түсіндіріп берді. Бұл батарейлер сутекті отынмен жұмыс жасайтын болады.
"Ал келесі канал бойымен ауа қозғалады. Бұл екі компонент кездесіп, электр қуатын тудырады. Былайша айтқанда, сіздің телефоныңыз паравозға айналады. Алайда, бұл жағдайда телефон қызып кетпейді. Бұл болашақтың отын көзі", — деп атап өтті профессор.
Мұндай "керемет" жаңалық ғалымның ойына осыдан он жыл бұрын келген. Ғалым отын сорғышы технологиясын дайындаумен 2006 жылдан бастап, американдық ірі зертханада жұмыс жасап жүрген кезден бері айналысып келеді.
Бүгінде наносорғышты дайындаумен елордалық университет ғалымдар тобы ғана емес, сонымен қатар ресейлік және американдық ғалымдар да айналысып жатыр.