Қоғам

Бағдат Мусин жалған iPhone туралы: "Керемет емес пе!"

Жазылу
Мусиннің пікірінше, астыртын цехтың жұмысшыларына технопарк мүмкіндіктерін ұсынып, жұмыстарын заңдастыру керек

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Алматыда жалған iPhone құрастырған қылмыскерлердің қабілетіне тәнті болды.

" Жігіттер iPhone жасап шығарған ба?! Керемет емес пе! Менің ойымша, керісінше оларға заңды өндіріспен айналысуға мүмкіндік беру керек. Технопаркте қандай да бір техника өндірісі бойынша цех орнатып берген жөн. Жеңілдікпен қаржыландыру қажет пе? Неге қолдау көрсетпеске?", — деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Бас прокуратура комитеті басшысын қолдан айфон жасағыштардың техникалық біліктілігі таңғалдырды.

"Цифрлы Қазақстан туралы жарияланды ғой ақыры. Түпнұсқа платаларды арзан құрамдас бөлшектермен араластырып iPhone  жасап шығарса, жігіттердің айтарлықтай қабілеті бар деген сөз. Кәсіпкерлік бастамалары да жаман емес", — деп пікір білдірді Мусин. 

Мусин мұны өзінің жеке пікірі екенін, қызметіне еш қатысы жоқ екенін айтып өтті.

Естеріңзге сала кетсек, жуырда Алматыда жалған iPhone құрастырумен астыртын айналысатын цех табылған болатын. 

Жаңалықтар
0