Қоғам

Шетелге шығатын қазақстандықтар үшін мобильді қосымша іске қосылды

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мобильді қосымшада шетелге шығатындар үшін қажетті ақпараттың бәрі бар

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтар үшін іске қосылған "SmartravelKZ" мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мобильді қосымшадан саяхаттап баратын ел туралы, сол өңірдің ерекшеліктері, жүріс-тұрыс нормалары, төтенше жағдайлар туралы ескертулер мен басқа да қажетті ақпараттарды табуға болады. 

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері этиканы мобилді қосымша арқылы үйреніп жатыр
"Шет елде болу тәртібі мен визалық режим туралы ақпарат азаматтардың ерекше қызығушылығын тудыруы мүмкін. Қазақстан азаматтарының қандай елге визасыз бара алатыны туралы жалпы мәліметтер де бар. Бұған қоса, мобильді қосымшадан елге кіргізуге және шығаруға тыйым салынған заттар, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау туралы мәліметтерді таба аласыз", — деді СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мобильдік қосымшада шет елдердегі сақтандыру, медициналық қызмет,  төтенше жағдай кезіндегі амалдар туралы пайдалы кеңестер, қажетті телефон нөмірлері, көлік тасымалдаушыларының қазақстандық өкілдіктерінің байланыс нөмірлері жинақталған. 

"Қосымшаның көмегімен шетелде жүрген азаматтар Қазақстан консулымен байланысқа шығып, онлайн режимде төтенше жағдайлар бойынша консулдық көмек ала алады", — деді ол. 

Бүгінде аталған қосымшаға ұқсас жүйе АҚШ, Ресей және тағы басқа дамыған елдерде бар.

Жаңалықтар
0