Қоғам

Министр қазақстандықтардың қанша пайызы қазақ тілін білетінін айтты

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматыдағы Панфилов көшесі, архивтегі сурет
Алматыдағы Панфилов көшесі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесі 83,1 пайызға жеткен

АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik.  ҚР мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

үкімет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаевтың тапсырмасынан соң шенеуніктер қазақ тілін жаппай оқып жатыр

Министрдің айтуынша, жыл сайынғы зерттеу қазақстандықтардың дені  мемлекеттік тілді меңгергенін көрсеткен. 

"2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 83,1 пайызды құрады, ал 2016 жылы одан да аз болатын. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 22,3 пайызды құрады. Үш тілді меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды", — деді  Мұхамедиұлы.

Министр былтыр жоба аясында орталық атқарушы органдарда мемлекеттік тілді оқыту курсына 610 адам қатысқанын атап өтті. Сонымен қатар республикада 89 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. 

Дәурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Абаев: министрлер мен депутаттардың барлығы қазақ тілін жақсы біледі

"Оқыту орталықтары Тіл туралы заңға сәйкес Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі мақсатында оқыту курстарын ұйымдастырады. Осы мақсатта 2017 жылы тіл оқыту орталықтарында 58 мың 348 адам мемлекеттік тіл оқыту курстарынан өтті. Қазтест жүйесі негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 2017 жылы тестілеуден өткендердің жалпы саны – 94 458 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 22837 адам", — деді министр.

Жаңалықтар
0