Қоғам

Назарбаевтың тапсырмасынан соң шенеуніктер қазақ тілін жаппай оқып жатыр

© Sputnik / Болат Шайхиновүкімет
үкімет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаевтың пәрменінен соң тіл курстарына жазылушылар күрт көбейіп кеткен

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Астанада министрлер, шенеуніктер мен депутаттар қазақ тілі курстарына жаппай ағыла бастады. Ал мемлекеттік тілді үйрететін мұғалімдер вип-клиентерінің барлығын қабылдап үлгере алмай жатыр. Себебі соңғы бірнеше күнде арнайы курстар мен қазақша онлайн-сабақтарға жазылушылардың қатары күрт көбейген. Яғни, парламент пен үкімет мүшелері тілді тездетіп үйреніп алуға жанталасуда, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: парламент пен үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс

Астанада қазақ тілін жеңіл әрі түсінікті әдіспен оқытатын маман тапшы. Қазір мұндай мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Өйткені, президент үкімет пен парламенттің жиыны тек қазақша өтсін дегелі, министр мен шенеунік біткен жеке сабақ беретін ұстаз іздеп әлек. Мәселен, екі сөйлемнің басын әрең құрайтын ұлттық банк төрағасы қазақша үйренуге енді кірісіпті. 

"Мен қазақша тілінен қазір оқимын. Үш рет аптада мұғаліммен, ұстазбен оқимын. Қазір ешқандай проблемалар менде жоқ",- дейді Ақышев. 

Біліп тұрғанын қазақша жеткізе алмай қор болып жүргендердің тағы бірі – ұлттық экономика министрі. Тимур Сүлейменов 5 жыл Ресейде өмір сүріп, елге оралғанда ана тілін мүлдем ұмытып қалдым дейді. Министр жеке ұстаз жалдап, қайта оқып жүрсе де, ойын толық жеткізе алмайды. 

Тимур Сүлейменов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тілін ұмытып қалған экономика министрі берген уәдесінде тұрды ма?

"Күнде оқып жатырмын, оқытушым бар. Көп аса газеттерді оқимын, фейсбуктегі постарды оқимын. Өйткені, менің деңгейім қазақшам тілім деңгейі өздеріңізге мәлім",- деді ол. 

Депутаттар да көштен қалмай тіл үйреніп жанталасуда. Бірі курстарға жазылса, екіншісі онлайн-сабаққа қатысады екен. 

Ал жалпы шенеуніктер мен халық қалаулыларын сең қозғаған бұл аптада Астанадағы қазақ тілін оқытатын орталықтар тыпыршып қалды. Білікті маман тапшы. Тіпті, онлайн-курстарға да жазылушылар еселеп артқан. Мәселен, интернет арқалы қазақ тілін оқытатын "Сөйле.кз" сайтына екі күнде екі мың адам жазылыпты. Бұл сайтта онлайн-ұстаздар әріп танудан бастап сауатты жазып, сөйлеуге көмектеседі.

"Мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде ұлттық компаниялардың қызметкерлері бар, Астанадан, Алматыдан көп. Бірнеше депутат, бірнеше министр, облыс, қала әкімдері біздің сайтта тіл үйреніп жатыр", — дейді мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Үкімет отырысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ақмола облысының әкімі үкімет отырысының "шырқын бұзды"

Мамандардың айтуынша, адамның қазақ тілінде еркін сөйлеуіне үш ай жеткілікті. Ол үшін тіл үйренуші күніне кем дегенде жарты сағат сабаққа уақыт бөлуі тиіс. Яғни, біздің министрлер мен депутаттардың Қазақстанда тұрып қазақша сөйлей алмауы енжарлығынан екен. Ал Президенттің тапсырмасынан кейін жаппай қозғала бастаған Үкімет пен Парламент мүшелерінің мемлекеттік тілге деген ынтасы қанша уақытқа жетері белгісіз.


Жаңалықтар
0