Саясат

Ақмола облысының әкімі үкімет отырысының "шырқын бұзды"

© Sputnik / Болат ШайхиновҮкімет отырысы, архивтегі сурет
Үкімет отырысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше Елбасы ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдап, парламент пен үкіметтің жұмысы қазақ тілінде жүргізілуі керектігін айтқан еді

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын үкімет мүшелері алғашқы күннен бастап орындады. Әдетте бір-екі сөзін қазақ тілінде бастап, одан әрі орысша судырата жөнелетін министрлер бүгін баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасады. Десек те үйреншікті әдетіне басып, сөз арасында орысша сөйлеп қойған шенеуніктер де болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: парламент пен үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс
Үкіметтің бүгінгі отырысында үш мәселе қаралды: инвестиция тарту мәселелері, орта білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұнға көшу, Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы. 

Алғаш болып инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек сөз алды. Министр инвестиция тартуға қатысты баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасады. Одан кейін мінберге шыққан энергетика министрі Қанат Бозымбаев та президенттің сөзін жерге тастамайтынын көрсетті. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев, "Бәйтерек" холдингі, "Қазақинвест" компаниясының басшылары да қазақ тілінде сөйледі. 

Кезек өңірлерге келгенде, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин таза қазақ тілінде өтіп келе жатқан отырыстың "шырқын бұзды". Басын қазақ тілінде бастап, кейін орысша сайрай кетті. Бәлкім президенттің кешегі айтқан сөзі депутаттар мен министрлерге ғана қатысты деді ме екен, жоқ әлде есінен шығарды ма, кім білсін?!

Латын графикасындағы қазақ әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге қатысты баяндама жасаған білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те Елбасының тапсырмасын орындамады. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" деген осы болар, министр мырза ара-тұра орысша сөйлеп қойды. 

Бір қызығы, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл жолы спикерлерге сұрақ қойған жоқ, тек қорытынды жасап, тиісті тапсырма берді. Әлде қарамағындағы қызметкерлерін ұятқа қалдырғысы келмеді ме, кім білсін?!


Жаңалықтар
0