АСТАНА, 14 наурыз —Sputnik. Бүгін мәжілістің отырысында ТМД мемлекеттерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов cөз сөйледі. Министрдің баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасағаны қуантты, әрине. Бірақ сұрақ-жауапқа келгенде, шенеунік кейбір депутаттардың сөзін түсіне алмай, әбден састы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сіз жалпы сөздермен лекция оқып бердіңіз. Сұрақ нақты болды, ал сіз сұрақты түсінбедіңіз", — деген ол депутаттың сұрағын орысшаға аударып беріп, министрден сауалдарды зейін қойып тыңдауды өтінді.
Осыдан кейін орысша сауалдарға мүдірместен жауап беріп жатқан министр қазақшаға келгенде тағы да тосылды. Депутат Хаменованың сұрағының байыбына бара алмай, "мен… бұл үшін…" деп сасқалақтап, қандай жауап берерін білмей әбден қысылды. Осы кезде Нығматулин тағы да көмекке келді.