Қоғам

Азамат Мұсағалиев: Әзілді түсіргенде қазақ тілін кемсіту немесе мазақ ету ойда болған жоқ

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуАзамат Мұсағалиев
Азамат Мұсағалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның айтуынша, бұл әзіл кейбір қазақ тілін түсінбейтін адамдар жайында

АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қазақ тілі туралы әзілдеймін деп басы дауға қалған Азамат Мұсағалиев қазақстандықтарға үндеу тастады. 

Нұрлан Қоянбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрлан Қоянбаев Мұсағалиевтің әзіліне қатысты: өз бауырымызды өзектен теппейік

"Құрметті достар! Бауырлар! Қазақ ағайындар! Бұл әзілді түсіргенде, қазақ тілін кемсіту немесе мазақ ету ойда да болмаған. Әзіл, кейбір қазақ тілін түсінбейтін қазақ адамдары жайында, ал ондайлар өкінішке орай бар. Яғни, сол персонаждың рөлін сомдадым. Сіздер мені түсінеді деген ниетпен жазып отырған жайым. Шын мәнісінде маған бәрі бір болса, мән бермей, барлығын өшіріп тастап жүре беретін едім. Сондықтан, түсінікпен қарауларыңызды сұраймын! Ізгі ниетпен, Ресейде жүрсе де, жүрегі қазақ деп соғатын Азамат Мұсағалиев!", — деп жазған Мұсағалиев қазақ тілінде инстаграмдағы парақшасында.  

Азамат Мұсагалиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тілі туралы орынсыз әзілдеген Азамат Мұсағалиев жұрттың сөзіне қалды

Еске сала кетсек, актер, әзілкеш  "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев ресейлік ТНТ арнасының эфирінде көрсетілген промороликке түскен. 14 секундтық видеода StandUp шоуының резиденті Нұрлан Сабуров Мұсағалиевтен қазақ тілінде "Өзің қалай? Денсаулық қалай?" деп сұрайды. Ал Азамат "Курлы-мурлы, курлы-мурлы" деп жауап береді. Оның айтқанын түсінбеген Нұрлан "бұл не мағына береді?" деп сұрайды. Ал Мұсағалиев: "Қалайша? Сенің сөзіңнің мәні бар ма? Мен жай әзілдеп жатқан шығармыз десем", — дейді.

Қазақ жігіттерінің бұл әзілі жұрттың ашуын туғызды. Пікір қалдырғандардың көпшілігі өз ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкештерді өткір сынның астына алды. Бірақ Азаматтың достары мен әріптестері оған араша түсті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да осыған қатысты өз пікірін білдірген болатын. 



Жаңалықтар
0