АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Желіде "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев қазақ тілі туралы сәтсіз әзілдеген видео пайда болды.
Бұл видео ТНТ телеарнасындағы жарнаманың ролигі. Онда Азамат Мұсағалиев ресейлік StandUp шоуының резиденті Нұрлан Сабуровпен бірге түскен. Видеода Сабуров Мұсағалиевтен қазақ тілінде "Өзің қалай? Денсаулық қалай?" деп сұрайды. Ал Азамат "Курлы-мурлы, курлы-мурлы" деп жауап береді. Оның айтқанын түсінбеген Нұрлан "бұл не мағына береді?" деп сұрайды. Ал Мұсағалиев: "Қалайша? Сенің сөзіңнің мәні бар ма? Мен жай әзілдеп жатқан шығармыз десем", — дейді.
Қазақ жігіттерінің бұл әзілі жұрттың ашуын туғызды. Видеоның астына пікір қалдырғандар өз ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкештерді өткір сынның астына алды.