https://sputnik.kz/20220124/Shakhterler-ipoteka-karzhy-19206067.html
Шахтерлерге берілетін ипотекаға 1 млрд теңге бөлінді
Шахтерлерге берілетін ипотекаға 1 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек 24.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-24T17:44+0500
2022-01-24T17:44+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
шахтерлер
ипотека
https://sputnik.kz/img/402/67/4026782_0:30:1101:649_1920x0_80_0_0_1a53d57e9a708244b2b129c6c7391303.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы кеншілер мен металлургтер үшін жаңа ипотекалық бағдарламаға облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек.Естеріңізге сала кетейік, бастаманы облыс әкімдігі "Отбасы банкімен" бірлесіп ұсынған болатын. Несие бойынша мөлшерлеме 5%-ті құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ипотекалық бағдарламамен неғұрлым көбірек үміткерлерді қамту үшін пәтер құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс.Ипотека қатысушылары бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үйді өздері таңдауға мәжбүр болады. Егер пәтердің құны несиеден көп болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өз қаражатынан немесе Бірыңғай зейнетақы төлемдерінен төлейді.Ипотекаға қатысу үшін қажетті құжаттарды болат және көмір департаменттерінің кәсіподақтары қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне жүгіну қажет. Ипотекаға қатысушыларды іріктегеннен кейін құжаттар банкке жіберіледі.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/402/67/4026782_96:0:1003:680_1920x0_80_0_0_5a41941fe76f9852a1da14df57d829fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахтерлер, ипотека
Шахтерлерге берілетін ипотекаға 1 млрд теңге бөлінді
17:44 24.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы кеншілер мен металлургтер үшін жаңа ипотекалық бағдарламаға облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек.
Естеріңізге сала кетейік, бастаманы облыс әкімдігі "Отбасы банкімен" бірлесіп ұсынған болатын. Несие бойынша мөлшерлеме 5%-ті құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ипотекалық бағдарламамен неғұрлым көбірек үміткерлерді қамту үшін пәтер құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс.
Ипотека қатысушылары бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үйді өздері таңдауға мәжбүр болады. Егер пәтердің құны несиеден көп болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өз қаражатынан немесе Бірыңғай зейнетақы төлемдерінен төлейді.
Ипотекаға қатысу үшін қажетті құжаттарды болат және көмір департаменттерінің кәсіподақтары қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне жүгіну қажет. Ипотекаға қатысушыларды іріктегеннен кейін құжаттар банкке жіберіледі.