Өңірлер

Шахтерлерге берілетін ипотекаға 1 млрд теңге бөлінді

© Photo : акимат Карагандинской областиРабочие в забое шахты
Рабочие в забое шахты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы кеншілер мен металлургтер үшін жаңа ипотекалық бағдарламаға облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек.
Естеріңізге сала кетейік, бастаманы облыс әкімдігі "Отбасы банкімен" бірлесіп ұсынған болатын. Несие бойынша мөлшерлеме 5%-ті құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ипотекалық бағдарламамен неғұрлым көбірек үміткерлерді қамту үшін пәтер құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс.
Ипотека қатысушылары бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үйді өздері таңдауға мәжбүр болады. Егер пәтердің құны несиеден көп болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өз қаражатынан немесе Бірыңғай зейнетақы төлемдерінен төлейді.
Ипотекаға қатысу үшін қажетті құжаттарды болат және көмір департаменттерінің кәсіподақтары қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне жүгіну қажет. Ипотекаға қатысушыларды іріктегеннен кейін құжаттар банкке жіберіледі.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0