19:05 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер де аз емес. Олар 295 құқық бұзушылық жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдай режимі басталғалы бері астанада көші-қон заңнамасын бұзған 41 шетел азаматы ұсталды. Барлығы өз елдеріне қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорданың комендатурасына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде базарлар, сауда үйлері, супермаркеттер, құрылыс алаңдары және тағы басқа нысандарда рейдтік шаралар өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам фактісі анықталды.

Адамдар тіркеусіз тұрады, я болмаса, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүреді. Ал үй иелері өздерімен бірге тұратын адамдарды тіркеуге қоймайды. Сол үшін 940-тан астам астаналық жауапқа тартылды.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер де аз емес. Олар 295 құқық бұзушылық жасаған. Осыған байланысты 41 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Елден шығудан жалтарған екі шетел азаматы да анықталды. Ал 82 қазақстандық көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Егер сіз өзіңіз тұратын үйде күмән тудыратын адамдардың туратыны немесе күдік келтіретін заттар жөнінде қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз дереу 102 телефон нөміріне немесе қызмет көрсетілетін аумақтағы өз учаскелік полиция инспекторыңызға хабарлаңыз", - дейді полицейлер.

Айта кетері, астанада төтенше жағдай режимі аяқталған жоқ. Қаланың айналасында 6 блок-бекет қойылды. Төтенше жағдай басталғалы бері режимді сақтамған 353 адам ұсталды.

Оқи отырыңыз:

 

Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, шетелдіктер
Загрузка...

Басты тақырып