19:06 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3970 0 0

Коменданттық сағат басталғанға дейін елордаға азық-түлік және өзге де тауарларды кедергісіз әкелуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы елорда айналасындағы блок бекеттер арқылы тауар өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коменданттық сағат басталғанға дейін елордаға азық-түлік және өзге де тауарларды кедергісіз әкелуге болады. Ал түнгі 23:00-ден кейін блок бекет арқылы өтудің арнайы тәртібі әзірленді.

"Нұр-Сұлтан қаласында 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қала комендатурасы күн сайын 23:00-ден 7:00-ге дейін жалғасатын коменданттық сағат кезінде бекеттерден өту үшін қозғалыс тәртібін және бизнеске тиесілі көлік құралдарының қозғалыс ережелерін әзірледі. Осы ережелер сақталған жағдайда тауарларды жеткізу кедергісіз іске асырылады", – дейді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

Комендандтық сағат уақыты басталғанша тауар тасымалдаушылар блок бекеттерден өткенде мына құжаттарды көрсетеді:

  1. Жүргізушінің жеке куәлігі;
  2. Жүргізуші куәлігі;
  3. Жол парағы;
  4. Тауар-көлік жүкқұжаты (жүкке жөнелтпе құжаттар).

Ал сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат уақытында үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйымдар және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдаушылар арнайы рұқсат қағазы болған жағдайда ғана блок бекеттерден өте алады.

Құжаттар тізімі:

  1. Жеке куәлік немесе төлқұжат (жүргізуші және қызметкерлер);
  2. Жүргізуші куәлігі;
  3. Жұмыс орнынан анықтама (жүргізуші шынымен сонда жұмыс істейтінін растау);
  4. Егер жүк тасымалы болса, тауар-көлік жүкқұжаты қажет;
  5. Жол парағы;
  6. Арнайы рұқсат қағазы.

"Үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйым қызметкерлерін тасымалдау үшін төтенше жағдай кезінде жұмыс орнынан құжат көрсетілуі тиіс. Бұл ретте жұмыс орнын растайтын құжатта көрсетілген жеткізу мекенжайы мен ұйым сәйкес келуі тиіс. Қызметкерлерді тасымалдау тұрақты бекітілген көлік құралы арқылы іске асуы керек", - деп атап өтті Жүнісов.

Арнайы рұқсат қағазын алудың нақты тәртібі де бар. Алдымен өтініш жазып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі аппаратына қолма-қол немесе электрондық мекенжайына жіберу керек.

Онда келесі деректерді көрсету керек:

  • заңды тұлғаның атауы;
  • жүргізуші/жүргізушілер аты-жөні;
  • жүргізуші/жүргізушілер ЖСН-ы;
  • көлік құралдарының маркасы мен мемлекеттік нөмірі;
  • қозғалыс, жүк, тауар (қандай туар екенін белгілеу) тасымалдаудың себебін жазу;
  • компания қарамағында бірнеше көлік болса және кезекшілікте жүрсе, онда қандай көлік қай уақытта кезекте болатынын белгілеу;
  • ұйым мөрі мен жетекші қолын қою қажет;
  • телефон және байланыс деректерін көрсету.

Нұр-Сұлтан қаласы комендантының орынбасары – полиция департаменті бастығының орынбасары күн сайын сағат 13:00-ге дейін кәсіпкерлердің тізбесін бекітеді. Арнайы рұқсат қағазы дайын болған кезде әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге өздері хабарласады. Құжат орта есеппен 2 күн дайындалады. Сондықтан өтінішті алдын ала жіберген жөн.

Кәсіпкерлерге арналаған жедел желі нөмірлері:

87784101784
87784101736
87784101758

Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, бекет, тауар
Загрузка...

Басты тақырып