https://sputnik.kz/20220114/Nur-Sultan-adam-el-19141318.html
Нұр-Сұлтанда ұсталған 41 адам елден шығарылды
Нұр-Сұлтанда ұсталған 41 адам елден шығарылды
Sputnik Қазақстан
Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер де аз емес. Олар 295 құқық бұзушылық жасаған 14.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-14T09:26+0500
2022-01-14T09:26+0500
2023-08-09T12:29+0500
өңірлер
астана
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e5/06/07/17266438_0:20:1280:740_1920x0_80_0_0_0333ef1b1b2dbe9a5bff96f3b1bf6f13.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдай режимі басталғалы бері астанада көші-қон заңнамасын бұзған 41 шетел азаматы ұсталды. Барлығы өз елдеріне қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорданың комендатурасына сілтеме жасап.Қазіргі кезде базарлар, сауда үйлері, супермаркеттер, құрылыс алаңдары және тағы басқа нысандарда рейдтік шаралар өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам фактісі анықталды.Адамдар тіркеусіз тұрады, я болмаса, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүреді. Ал үй иелері өздерімен бірге тұратын адамдарды тіркеуге қоймайды. Сол үшін 940-тан астам астаналық жауапқа тартылды.Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер де аз емес. Олар 295 құқық бұзушылық жасаған. Осыған байланысты 41 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Елден шығудан жалтарған екі шетел азаматы да анықталды. Ал 82 қазақстандық көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды."Егер сіз өзіңіз тұратын үйде күмән тудыратын адамдардың туратыны немесе күдік келтіретін заттар жөнінде қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз дереу 102 телефон нөміріне немесе қызмет көрсетілетін аумақтағы өз учаскелік полиция инспекторыңызға хабарлаңыз", - дейді полицейлер.Айта кетері, астанада төтенше жағдай режимі аяқталған жоқ. Қаланың айналасында 6 блок-бекет қойылды. Төтенше жағдай басталғалы бері режимді сақтамған 353 адам ұсталды.Оқи отырыңыз:
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/07/17266438_134:0:1147:760_1920x0_80_0_0_5021d68a377be47ac438e595fa8bc89c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, шетелдік
Нұр-Сұлтанда ұсталған 41 адам елден шығарылды
09:26 14.01.2022 (жаңартылды: 12:29 09.08.2023) Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер де аз емес. Олар 295 құқық бұзушылық жасаған
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдай режимі басталғалы бері астанада көші-қон заңнамасын бұзған 41 шетел азаматы ұсталды. Барлығы өз елдеріне қайтарылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан елорданың комендатурасына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде базарлар, сауда үйлері, супермаркеттер, құрылыс алаңдары және тағы басқа нысандарда рейдтік шаралар өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам фактісі анықталды.
Адамдар тіркеусіз тұрады, я болмаса, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жүреді. Ал үй иелері өздерімен бірге тұратын адамдарды тіркеуге қоймайды. Сол үшін 940-тан астам астаналық жауапқа тартылды.
Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер де аз емес. Олар 295 құқық бұзушылық жасаған. Осыған байланысты 41 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Елден шығудан жалтарған екі шетел азаматы да анықталды. Ал 82 қазақстандық көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Егер сіз өзіңіз тұратын үйде күмән тудыратын адамдардың туратыны немесе күдік келтіретін заттар жөнінде қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз дереу 102 телефон нөміріне немесе қызмет көрсетілетін аумақтағы өз учаскелік полиция инспекторыңызға хабарлаңыз", - дейді полицейлер.
Айта кетері, астанада төтенше жағдай режимі аяқталған жоқ. Қаланың айналасында 6 блок-бекет қойылды. Төтенше жағдай басталғалы бері режимді сақтамған 353 адам ұсталды.