Өңірлер

"Pfizer 50 мың теңге тұрады": емхана желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEМедик держит в руках пузырек с вакциной от коронавируса
Медик держит в руках пузырек с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Алматы қаласындағы № 4 емхана Pfizer вакцинасының құны әлі белгісіз екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыдағы емханалардың бірінде Pfizer вакцинасының 50 000 теңгеден салынып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake порталына сілтеме жасап.
"Бүгін тұрғылықты жерім бойынша Алматының емханасына ревакцинацияға шақырды. Қазвак, қытайлық вакцина, сосын Пфайзермен ревакцинация жасауға болады екен. Балаларға тегін, үлкендерге – 50 000 теңге. Бұл 4-ші емхана", - делінген хабарламада.
Алматы қаласындағы № 4 емхана бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бүгінгі таңда № 4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізіліп жатыр. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ", – дейді емхана қызметкерлері.
Осы орайда мамандар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer-ді тегін салдыра алатынын еске салды.
Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін сарбаздың қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады 
Айта кетейік, қараша айында бірыңғай дистрибьютор Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша екпенің 4 миллион 230 мың дозасын сатып алуға келісті.  Бұл препаратты америкалық Pfizer компаниясы мен германиялық BioNTech технологиялық компаниясы әзірлеген. Қазақстанға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілген болатын.
Жаңалықтар
0