https://sputnik.kz/20211209/Pfizer-emkhana-aqparat-18867063.html
"Pfizer 50 мың теңге тұрады": емхана желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
"Pfizer 50 мың теңге тұрады": емхана желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласындағы № 4 емхана Pfizer вакцинасының құны әлі белгісіз екенін мәлімдеді 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T13:38+0500
2021-12-09T13:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
вакцина
емхана
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861379_0:366:2989:2047_1920x0_80_0_0_aba675ad9fcc111ed3859f1544bebbe1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыдағы емханалардың бірінде Pfizer вакцинасының 50 000 теңгеден салынып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake порталына сілтеме жасап.Алматы қаласындағы № 4 емхана бұл ақпаратты жоққа шығарды."Бүгінгі таңда № 4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізіліп жатыр. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ", – дейді емхана қызметкерлері.Осы орайда мамандар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer-ді тегін салдыра алатынын еске салды.Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін сарбаздың қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады Айта кетейік, қараша айында бірыңғай дистрибьютор Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша екпенің 4 миллион 230 мың дозасын сатып алуға келісті. Бұл препаратты америкалық Pfizer компаниясы мен германиялық BioNTech технологиялық компаниясы әзірлеген. Қазақстанға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілген болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861379_260:0:2989:2047_1920x0_80_0_0_a8708e8afd65857f840308702232df48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, емхана
"Pfizer 50 мың теңге тұрады": емхана желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
13:38 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматы қаласындағы № 4 емхана Pfizer вакцинасының құны әлі белгісіз екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыдағы емханалардың бірінде Pfizer вакцинасының 50 000 теңгеден салынып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Stopfake
порталына сілтеме жасап.
"Бүгін тұрғылықты жерім бойынша Алматының емханасына ревакцинацияға шақырды. Қазвак, қытайлық вакцина, сосын Пфайзермен ревакцинация жасауға болады екен. Балаларға тегін, үлкендерге – 50 000 теңге. Бұл 4-ші емхана", - делінген хабарламада.
Алматы қаласындағы № 4 емхана бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бүгінгі таңда № 4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізіліп жатыр. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ", – дейді емхана қызметкерлері.
Осы орайда мамандар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer-ді тегін салдыра алатынын еске салды.
Айта кетейік, қараша айында бірыңғай дистрибьютор Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша екпенің 4 миллион 230 мың дозасын сатып алуға келісті. Бұл препаратты америкалық Pfizer компаниясы мен германиялық BioNTech технологиялық компаниясы әзірлеген. Қазақстанға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілген болатын.