Қоғам

Вакцинадан кейін сарбаздың қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Жазылу
Қазақстанда тараған видео 21 тамызда Үндістанда төзімділік жарысы кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған

АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған сарбаздардың жаппай қайтыс болғаны айтылатын видео таратып жатыр. Желідегі видеода расымен де әскери қызметкерлер мен оларға көмек көрсетіліп жатқан сәт түсірілген. Алайда оның Қазақстанға да, коронавирусқа қарсы вакцинаға да ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан StopFake.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл видео 2021 жылдың тамызында ағылшын тілді ортада көп тараған. Оған сипаттама ретінде видеодағы әскерилердің COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғаны, олардың кенеттен қайтыс болуына да вакцина себеп болғаны жазылған.

Ал шындығында бұл видео биыл 21 тамызда Үндістанда төзімділік жарысы кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған. Жарыстың 72 сағатқа созылғаны белгілі және сарбаздар есінен танбас бұрын 10 шақырымды толық жабдық пен қару-жарақты көтеріп жүріп өткен.

Зардап шеккен сарбаздың барлығы ауруханаға ыстық өткен деген диагнозбен жеткізілді. Ішінде бір сарбаз қайтыс болды, бірақ оған COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның еш қатысы жоқ.

Оқи отырыңыз: "Вакцинадан қайтыс болды": Министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Жаңалықтар
0