Өңірлер

Теміртауда екі "жұмысшы" зейнеткердің 3 миллион теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті

© Sputnik / Абзал КалиевФрагменты купюр тенге
Фрагменты купюр тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
Күдіктілер 87 жастағы әйелдің пәтеріне су сүзгісін ауыстыратын жұмысшылар кейпінде келген

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Теміртауда ұрылар зейнеткердің үш миллион теңгесін ұрлап кеткен.

Қала полициясына 87 жастағы кейуананың өзі хабарласып, оның екі миллион 732 мың теңге ақшасын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан.

Полицияның мәліметінше, әжейдің пәтеріне сумен жабдықтау мекемесінің қызметкеріміз деп екі ер адам келген. Олар су сүзгісін тегін ауыстыратынын айтқан, деп хабарлады Polisia.kz.

Жәбірленуші "жұмысшыларды" пәтеріне кіргізген. Олар кеткеннен кейін әжей жинаған ақшасының жоғалғанын білген.

28 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 21 және 33 жастағы екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады. Аталған факті негізінде полицейлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0