Өңірлер

Теміртауда қыз зейнеткердің есепшотындағы жинақ ақшасын ұрлаған

© Photo : Luisella Planeta Leoni Девушка держит мобильный телефон
Девушка держит мобильный телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Теміртауда 25 жастағы алаяқ зейнеткердің есепшотындағы жинақ ақшасын ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

27 желтоқсанда 72 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Старогород полиция бөліміне арызданған. Зейнеткер белгісіз біреу телефонындағы мобильді қосымшаны бұзып, 90 мың теңгесін жымқырғанын хабарлаған.  

Оқи отырыңыз: Зейнеткермен ер адам ретінде танысқан елорда тұрғыны әйел болып шықты 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 25 жастағы қыз кінәсін мойындады. Ол бұрын да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған алаяқ екені белгілі болды.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Жаңалықтар
0