НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Теміртауда 25 жастағы алаяқ зейнеткердің есепшотындағы жинақ ақшасын ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
27 желтоқсанда 72 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Старогород полиция бөліміне арызданған. Зейнеткер белгісіз біреу телефонындағы мобильді қосымшаны бұзып, 90 мың теңгесін жымқырғанын хабарлаған.
Оқи отырыңыз: Зейнеткермен ер адам ретінде танысқан елорда тұрғыны әйел болып шықты
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 25 жастағы қыз кінәсін мойындады. Ол бұрын да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған алаяқ екені белгілі болды.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.